Ұстаздық дәстүр – ұрпаққа аманат

Выпуск - №36(732)   :   18.09.2026
475

1

Ыбырай Алтынсариннің облыстық мемориалдық музейінде Отбасы күніне орай бірнеше буыннан құралған Нұрбековтер әулетінің ұстаздар династиясымен «Отбасы – өмір айнасы» атты тағылымды кездесу өтті.
Биыл ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл, ал музейдің ашылғанына 35 жыл толып отыр. Осы айтулы даталар аясында өткен кездесу отбасы құндылықтарын, ұстаздық дәстүрді және ұрпақтар сабақтастығын дәріптеуге арналды. Нұрбековтер әулетінің үлкендері – физика және тарих пәндерінің мұғалімі Жомарт Қазымбекұлы мен математика пәнінің мұғалімі Сәуле Ғабдыжауатқызы. Саналы ғұмырын шәкірт тәрбиесіне арнаған қос ұстаз бүгінде құрметті демалысында. Дегенмен олардың өмірлік ұстанымы мен өнегесі ұрпақтарының бойынан көрініс тауып, әулеттегі ұстаздық дәстүрдің жалғасын табуына негіз болып отыр.
Ата-ана жолын жалғаған Айнұр Жомартқызы – гуманитарлық ғылымдар магистрі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-модератор. Ұстаздықпен қатар ғылыми-әдістемелік және тіл саласындағы жұмыстардың белсендісі. Ал әулеттің келесі буыны – информатика пәнінің мұғалімі, педагог-эксперт Азамат Жомартұлы мен физика пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Ботагөз Қасымқызы. Білім саласында 15 жылдық еңбек өтілі бар Азамат «Халықаралық STEM олимпиадасы және Роботтар шайқасы» атты мұғалімдер арасындағы сайыстың III орын иегері. Ботагөз «Үздік авторлық бағдарлама» байқауының аудандық кезеңінде I орын, сондай-ақ VI Халықаралық педагогикалық олимпиадада физика пәні бойынша I орын иеленген. Қазір ерлі-зайыптылар Қостанай ауданының Заречный елді мекеніндегі №1 жалпы білім беретін мектепте еңбек етеді.
Ұстаздықты жалғаған әулеттің тағы бір өкілі – биология пәнінің мұғалімі, жаратылыстану ғылымдарының магистрі Балнұр Жомартқызы. Қостанай қаласындағы №28 мектеп-гимназияда қызмет ететін жас педагог оқушылардың ғылыми-зерттеу және шығармашылық қабілеттерін дамытуға айрықша мән береді. Шәкірттері республикалық және өңірлік байқауларда жүлделі орындардан көрініп жүр. Балнұрдың өзі де шеберлігімен танылып, «Педагогикалық идеялар панорамасы-2024» байқауының өңірлік кезеңінде – I, республикалық кезеңінде II орын иеленген. Ал Бибінұр Жомартқызы «Стандарттау, сертификаттау және метрология» мамандығы бойынша жоғары білім алып, кейін қазақ тілі мен әдебиеті бағыты бойынша екінші жоғары білім алған. Магистр дәрежесін иеленген Бибінұр ұстаздық жолын қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде жалғаған. Бүгінде ол Allur компаниясында алғашқы мамандығы бойынша қызмет етеді. Сондай-ақ қазақ тілінен қол үзбей, аударма және корректорлық жұмыстармен айналысады.
Тағылымды жиынға қатысқан Қостанай жоғары педагогикалық колледжінің мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мамандығының студенттері ұстаздар әулетінің еңбек жолы, кәсіби тәжірибесі және отбасылық құндылықтары туралы әңгімесін тыңдап, ақыл-кеңес алды. Кездесуде Ыбырай Алтынсариннің тұлға болып қалыптасуындағы атасы Балғожа бидің тәрбиесі сөз болып, оның немересіне жазған «Үміт еткен көзімнің нұры – балам…» хатының тағылымдық мәні айтылды. Ата аманаты мен елге қызмет етуге үндеген өнеге бүгінгі ұрпақ үшін де өзектілігін жойған жоқ.
Кештің шығармашылық бөлігінде музей қорында сақталған Ы.Алтынсариннің 1889 жылғы отбасылық суреті негізге алынды. Тарихи фотосуреттен шабыттанған А.И. Никифоров атындағы көркемөнер мектебінің педагогі Светлана Дүйсембаева ақ қағаз бетіне бейнелеген Нұрбековтер әулетінің портретін естелікке сыйға тартты. Кездесу барысында әулет мүшелері ән айтып, күй шертті, ал колледж студенттермен отбасы құндылықтарына арналған мақал-мәтелдер ойыны ұйымдастырылды. Іс-шара соңында әулеттің үлкені, ардақты ұстаз Жомарт Қазымбекұлы ақ батасын беріп, жастарға ізгі тілегін арнады.

Айымгүл ОМАРКАНОВА,
Ы.Алтынсариннің облыстық
мемориалдық музейінің
экскурсия-бұқаралық жұмыс
бөлімінің меңгерушісі

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.