«Үздік қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі»

Выпуск - №49(546)   :   17.12.2022
973

Осындай тақырыпта «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ Мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру әдістемелік кабинетінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдіскерінің ұйымдастыруымен облыстық байқау болып өтті.

Мұғалім мамандығының мәртебесін арттыру, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін жетілдіру, инновациялық жүйеде жұмыс істейтін педагогтерді қолдау мақсатындағы аталмыш байқауды жыл сайын өткізіп отыру дәстүрге айналған. Ең әуелі, облыстық сайыстың сырттай кезеңі ұйымдастырылып, оған қатысқан 30-ға жуық педагог кәсіби шеберліктерін ортаға салды. Сол кезеңнен 9 педогог қана іріктеліп, іштей кезеңге жолдама алды. Әрине, байқаудың облыстық кезеңіне қатысу мен үшін де, әрбір қатысушылар үшін де ерекше толқу мен қобалжу туғызғаны рас.

Сайыстың міндеті мен жауапкершілігін арқалау өзіме тапсырылғаны да маған сенімділік пен үміт тудырды. Сайыс кезеңінде берілген тақырыпқа эссе жазу және «Білім беру жобасын қорғау» болды. Сайыстың жалпы талабы мен кезеңдері педагогтің жоғары деңгейдегі инновациялық кәсіби шеберлігін қажет етті. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған байқау, қазіргі заманауи ұстаздардың талабын ұштап, педагог мамандығына деген жаңашылдық пен жауапкершілік міндетін күшейтті. Қазылар алқасының шешімімен кәсіби шеберлігі жоғары, шығармашыл ұстаз, озық тәжірбиені насихаттайтын қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі рөлінің басымдылығын танытатын, педагог кәсібінің беделін арттыратын жаңашыл педагогтер анықталды.

Осылайша сайыс нәтижесінде 1-орынға мен, Қостанай ауданы Н.Наушабаев атындағы мектеп-гимназиясының мұғалімі Нұржанова Сәндігүл Түйебайқызы, 2-орынға Қостанай қаласындағы №7 ЖББМ мұғалімі Утесова Гүлжан Көшербайқызы, 3-орынға Арқалық қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы гимназияның мұғалімі Коныршина Ерсин Сериковна ие болды. «Креативті мұғалім» номинациясына Рудный қаласындағы Б.Майлин атындағы №7 мектеп-гимназияның мұғалімі Жумабаева Алтын Еркиновна, «Шебер-мұғалім» номинациясына «Білім-инновация» лицей-интернатының мұғалімі Успанова Жулдыз Айтжановна лайық деп танылды.

Жеңімпаздар грамоталармен, дипломдармен марапатталды. Бұл байқау республикалық «Үздік педагог» сайысына дайындық іспеттес. Осындай педогог шеберлігін шыңдайтын заманауи сайыстардың саны арта түссе игі. Байқауды ұйымдастырушыларға шексіз алғыс айтқым келеді. Облыстың үздік қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі атануым – мен үшін өте үлкен жетістік әрі мәртебе!


Сәндігүл НҰРЖАНОВА,
Н.Наушабаев атындағы
мектеп-гимназияның
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі,
Қостанай ауданы

Реклама

Я с детства полюбила читать газеты, потому что они всегда были в нашей семье. И до сих пор, несмотря на обилие новых носителей информации, я больше всего люблю газету, особенно нашу, учительскую, за продуманный, взвешенный подход, за подробность и объективность, за особую атмосферу, которая возникает от неспешного листания страниц. И ещё нравится, что  «Учительская плюс» входит в список изданий, рекомендованных министерством просвещения для размещения материалов аттестуемых педагогов. Это очень мотивирует!

«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.

Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!