Учительская плюс

Областная еженедельная общественная информационно-образовательная газета
Календарь
24/08/26 Понедельник

Үздік оқушылар марапат биігінде

Выпуск - №21(468)   :   27.05.2021
1970

Мектебіміздің абыройын түрлі деңгейде асқақтатуда үлесін қосып жүрген білімі мен дарынды шәкірттеріміздің 2020-2021 оқу жылындағы жетістіктерін ескеріп, дәстүрлі «Алтынсарин жұлдыздарының шеруі-2021» шарасы өтті.

Жыл бойы белсенділік танытып, әр түрлі бағытта көзге түскен мектеп мақтаныштары «Алтынсарин жұлдызы-2021» (жыл оқушысы), «Қосар жұлдыз» – 10 оқушы, «Шоқ жұлдыз» – 27 оқушы, «Ғаламат жұлдыз» – 9 оқушы, «Шабыт жұлдызы» – 38 оқушы және «Спорт жұлдызы» – 2 оқушы, барлығы 87 оқушы номинацияларымен марапатталды. Үстіміздегі жылы іс-шарамыздың басты демушілері бүгінде түрлі мамандық иелері болып отырған мектеп мақтаныштары – осы қара шаңырақтың 1999, 2011, 2010, 2015 жылғы түлектері және 9 «В» сыныбының ата-анасы Нуртай Казиевич. Бұл кісілерге мектеп ұжымы мен мектеп оқушылары атынан алғыс білдіреміз.
Мұғалімдердің сапалы білім беру арқасында оқушылар бүгінде Ы.Алтынсарин мектебінің республикалық деңгейде танылуына үлкен үлестерін қосуда. Осы тұста жалпы білім беретін пәндер бойынша тарих пәнінен республикалық ғылыми жобалар байқауының 2-орын иегері 11 «А» сынып оқушысы Аружан Жауғашты және жалпы білім беретін пәндер бойынша ағылшын тілі пәнінен республикалық олимпиаданың ІІІ орын жеңімпазы 11 «В» сынып оқушысы Анель Кенжекееваны, сонымен қатар пәндік олимпиада және ғылыми жұмыстар байқауына бірдей қатысып, жүлделі орынға ие болған оқушылар 10 «Б» сынып оқушысы Куаныш Жолдыбаев, 10 «А» сынып оқушысы Аруза Боранбаева, 11 «А» сынып оқушысы Альмира Асқарды ерекше атап өтуге болады.



Дәстүрлі шарада жыл оқушысы, яғни «Алтынсарин жұлдызы» анықталып келеді. Бұл номинацияға ие болу үшін 11-сыныптар арасындағы бір немесе одан да көп халықаралық және республикалық олимпиадалар мен ғылыми жұмыс жеңімпазы болу қажет. Осынау мәртебелі атаққа жыл қорытындысы бойынша 11 «Б» сынып оқушысы Зере Қарекен қол жеткізді. Ол жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық жобалар байқауының облыстық кезеңінен І орын, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауында ІІІ орын, әл-Фараби атындағы халықаралық олимпиадада ІІІ орын, «Сен ғылымға болсаң ынтық...» республикалық ғылыми жоба байқауында ІІ орын, Республикалық «Ясауи» олимпиадасынан ІІ орын жүлдегері, сондай-ақ Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің грант иегері.
Келер жылы оқушыларымыз биік шыңнан көрініп, мектепішілік «Алтынсарин жұлдыздарының шеруі» іс-шарасына қатысушылар санының артатынына кәміл сенемін. Ал үлкен өмірге қанат қағып бара жатқан түлектерге жоғары оқу орнына ойдағыдай түсіп, абыроймен тәмәмдап шығуына тілектеспін.

Ақмарал СЕРИКБАЕВА,
Ы.Алтынсарин атындағы
мамандандырылған мектеп-интернаты
директорының тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары,
Қостанай қаласы

 

Реклама

Областная образовательная газета «Учительская плюс» – это настоящая педагогическая копилка. В одном номере можно увидеть работу самых разных учителей со всей области, разные направления, почерпнуть ценный опыт. Можно, конечно, что-то и в соцсетях прочитать, но там надо искать, заходить к каждому на страничку отдельно, а газету открываешь – и всё костанайское образование перед тобой, вся наша учительская жизнь. Я с удовольствием рассказываю о своей работе, о своих методах, об успехах моих воспитанников. Газета помогает мне делиться своими идеями и вдохновляться работами коллег.

Думаю, что безо всякой агитации каждый учитель, воспитатель, психолог должен иметь газету «Учительская плюс». Как без неё узнавать, как работают ваши коллеги, что нового в методике преподавания, поделиться своим опытом?
В своё время, будучи завучем средней школы, я обобщала лучший опыт учителей своей школы, знакомила их опытом работы других, и вообще не представляю педагога без настольной газеты «Учительская плюс» и своего предметного журнала, откуда черпаешь все новинки методической работы.
Поэтому совет вам, дорогие молодые коллеги: не опоздайте выписать, не останьтесь без профессиональной помощи газеты «Учительская плюс»!