Арқалық қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы гимназиясында «Үздік журналист-2023» байқауы ұйымдастырылды. Көркем сөздің көсегесін көгертер шеберлер сахнаның шырайын келтірді. Қазақ әдебиетінің қаймақтарынан үзінділер оқып, әдебиет әлеміне саяхат жасатты.
.jpg)
Байқау көркем сөз шеберлерінің өнерін дамыту, әртүрлі жанрдағы мәдени шара жүргізушілерін анықтау мақсатын көздеді. Көрермен қауымның айтуынша, жастар кітап әлемінен қол үзіп бара жатқан шақта әдеби әлеммен қауыштыратын мұндай іс-шаралар аса қажет. Бұл байқау – келешекке керілген шығармашылықтың желкені, жалынды жас дарындардың басын қосқан өнер алаңы. Шығармашылық додаға 7-9 сынып аралығында жеті оқушы қатысуға ниет білдірді.
Сайыс үш креативті тапсырмадан тұрды: «Үздік репортаж» кезеңінде қатысушылар журналисттік зерттеу жасай отырып, қоғам тынысымен үндесетін бейнежазба түсірді; «Үздік фотосюжет» кезеңінде «Арқалық келбеті» тақырыбының ауқымын қамти отырып, ұялы телефон немесе фотоаппаратпен сапалы 3 сурет ұсынды; «Сөз мәнері» кезеңінде қатысушыларға салтанатты шара, корпоративтік шара, шоу бағдарлама және т.б. бағыттағы сценарий нұсқалары беріліп, олар мәнерлеп оқып берулері керек болды. Әр қатысушының өнері сахна мәдениеті, харизмасы, сөйлеу мәнері, бөлінген уақытты пайдалана білуі сынды критерийлер бойынша бағаланды.
.jpg)
Қазылар алқасының құрамында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алмагүл Ғалымжанова, тіл жанашыры, директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Ақтоты Қабдрашитқызы болғанын атап өткен жөн. Қатысушылардың ізденісі, жауапкершілігі, жаңашылдығы жоғары деңгейде болды. «Үздік репортаж» кезеңінде азық-түлік қымбатшылығы, қардың уақытылы тазартылмауы, жастар арасындағы вейптің зияны, экологиялық ластану қаупі, әлеуметтік желі ойындарының зардаптары талқыланды. Халық тарапынан алынған сұхбаттар ұсынылып, көкейтесті мәселелердің ақ-қарасы анықталды. Ал «Үздік фотосюжет» аталымында қаламыздың көрнекті жерлері ұсынылып, суреттер сыр шертті.
Қатысушылардың жүргізушілік қабілеттері «Сөз мәнері» кезеңінде сынға түсті. Көрермен көзайымына айналған фильмдерді дубляждады, монолог оқыды, жаңалықтар жүргізді, көсілтіп көркемсөз оқыды. Сайыста ұшқырлығы, білімділігі, тапқырлығымен қарсыластарынан оқ бойы озық шыққан 8 «А» сынып оқушысы Аружан Байша 1-орынды қанжығасына байлады, 2-орын 9 «А» сынып оқушысы Перизат Русланға, ал 3-орын 7 «Б» Нурикамал Әбжанға бұйырды. Басқа да қатысушылар арнайы номинациялар бойынша сыйлықтармен марапатталды. «Үздік журналист» байқауы – ертеңгі журналистердің армандарына берілген жолдама. Бүгінгі жетістік – ертеңгі жеңістің баспалдағы болмақ.
Нұрдана ТҰРЫСБЕК,
Ы.Алтынсарин атындағы
гимназияның «Жас тілші»
үйірмесінің жетекшісі,
Арқалық қаласы
«Адал азамат» бағдарламасы: балабақшадағы тәлім-тәрбие
Тарих пен тағылым тоғысқан күн
Сберечь природу в наших силах
Сила единства и результатов: итоги работы профсоюзных организаций Карасуского района
Маленькие исследователи
Учитель – это светоч нации. Ежедневным кропотливым трудом каждый из вас вносит неоценимый вклад в развитие страны. Вы сеете семена знаний в молодые сердца и растите мыслящую нацию. Ибрай Алтынсарин говорил: «Превыше всего я ценю хорошего учителя». Педагог – ключевая фигура в построении будущего страны, поэтому ему должно быть отведено достойное место в обществе.
Я спросил у посла Японии, каким образом его страна сумела так быстро достичь высокой степени развития, стала играть в мире столь важную роль? Мне очень понравился ответ посла: «Японцы верили, что единственный способ поднять страну – это дать своим детям лучшее образование, чем они имели сами, самым важным для них было уйти от своего положения крестьян и получить образование. Поэтому в семьях огромные усилия прикладывались к тому, чтобы поощрять детей хорошо учиться в школе, чтобы они могли чего-то достичь. Из-за этого стремления постоянно чему-то учиться, через систему образования распространялись новые идеи из внешнего мира. Это одна из причин быстрого развития Японии».