Ұзынкөл ауылының №1 тірек мектебінде ашық есік күні өткізілді, ол «Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасының қатысушысы. Алдағы үш жылда мектептің 70-тен астам мұғалімі «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ біліктілікті арттыру курстарынан өтеді, ал білім сапасы айтарлықтай артады, дейді мектепте.
№1 Ұзынкөл мектебі 1968 жылы құрылды, ал 2013 жылы ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізілді. Биыл тірек мектептерді дамыту жобасы аясында 36 кабинет жаңартылды, оның ішінде арт-студия, Абай кабинеті, робототехника, STEM-зертхана және т.б. Информатика кабинеті компьютерлердің толық жиынтығын алды.
«Біздің мектепте екі ауысымда 600-ден астам оқушы оқиды. Оқушыларымыз бүгін алғаш рет жаңа кабинеттер мен оқу құралдарын көрді, әрине, олар қатты әсерге бөленді. Біз кітапхана тұжырымдамасын қайта қарастырдық: енді оқушылар мен мұғалімдер сабақтарға және қосымша сабақтарға жайлы түрде дайындала алады. Рекреациялық аймақтарды бөлек атап өткім келеді, өйткені біздің мектепте өте мықты шахматшылар бар. Енді үзілістер кезінде олар интеллектуалды ойынға көбірек қатыса алатын болды», – дейді мектеп директоры.
Мектеп мұғалімдері Назарбаев Зияткерлік мектептерінің базасында өткізілетін оқуды бастады. Оқытудың заманауи әдістері мен тәсілдерін қамтитын қарқынды курстар 5-6 айға созылады, одан кейін бүкіл мектеп үшін үш жылдық әдістемелік қолдаумен бірге жүреді. Қостанай НЗМ директоры Гүлнара Дусказиева Ұзынкөл мектебіне барлық қолдау көрсетуге дайын екендігін білдірді.
«Бүгін біз оқушы үшін физикалық орта құрылғанын көріп отырмыз. Алайда, бұл жеткіліксіз. Біздің үлкен идеямыз – мектепті жаңа сана деңгейіне көтеру. Өзгеруге дайын сана. Өзгеріс әрқашан жақсы болуы керек, күн сайын, әр сабақ сайын. Бұл үдерісте біз оларды сүйемелдейтін боламыз, семинарлар мен мастер-класстар, ашық сабақтар мен бірлескен жобалар жоспарланған және көзделген. Ең бастысы – білім сапасы және тұлғаның жан-жақты дамуы», – дейді Гүлнара Дусказиева.
Мектептің тұсаукесеріне Қостанай облысы әкімінің орынбасары Мұхаметқали Ринат Зәкиұлы қатысты.
«Қазақстан халқына» қорымен және серіктестермен ынтымақтастық әлеуметтік саланы жақсартуға ықпал етеді. Тек биылғы жылдың өзінде қор білім алу үшін сапалы жағдай жасауға бір жарым миллиард теңгеден астам қаражат бөледі: бұл 4 тірек ауыл мектебін жаңарту, робототехника кабинеттерін, арнайы мектептерге арналған заманауи жабдықтарды жеткізу», – дейді облыс әкімінің орынбасары.
Биыл тірек мектептерді жарақтандыруға «Қазақстан халқына» қоры 15,750 млрд теңгеден астам қаражат бөлді.
«Қазақстан халқына» қоры білім беруді тұрақты дамыту қорымен бірлесіп биыл бағдарламаның екінші кезеңі аясында Қазақстан бойынша 63 тірек мектепті, оның ішінде Қостанай облысындағы 4 мектепті жаңғыртады, олар материалдық-техникалық базаны толық жаңғыртуды және жобаның серіктесі «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-нан әдістемелік қолдауды алады», – дейді Бауыржан Оразғалиев, «Қазақстан халқына» қорының өкілі.
Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органның өкілдері жақын арада тірек мектепте жарық пен интернетті жақсартуға ниетті.
Естеріңізге сала кетейік, «Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту» – білім беруді тұрақты дамыту қоры, «Қазақстан халқына» қорының, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің бірлескен жобасы. Айта кету керек, қордың барлық операциялық шығындарын Aitas Холиндг жабады.
2022 жылы «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен жобаның бірінші кезеңі іске асырылды, оған еліміздің 17 өңірінде 17 мектеп қатысты.
2023 жылы жобаның екінші кезеңі басталды, оған 63 мектеп қатысады. Мектептердің тізімін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі бекітті. Мектептердің толық тізімімен сайтта қол жетімді furo.kz.
2023 жыл ішінде мектептер заманауи кабинеттермен және қосымша білім беру кабинеттерімен толық жабдықталатын болады.
Қостанай облысы
білім басқармасының
баспасөз қызметі
Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.