Табиғатқа жанашырлық пен жауапкершілік сезімі ең алдымен мектеп қабырғасынан басталып, жас ұрпақтың санасына сіңірілуі тиіс. Осы бағытта экологиялық тәрбиені білім беру үдерісінің ажырамас бөлігіне айналдырған білім ордаларының еңбегі айрықша бағалы.
Өткен жылдың жарасымды қорытындысы ретінде қарашаның 3-і мен желтоқсанның 31-і аралығында «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру аясында Қазақстан Республикасы Экология министрлігі «Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық конкурсын өткізген болатын. Еліміздің түкпір-түкпірінен экологиялық жобаларымен бақ сынаған білім ордаларының қатарында жұмысын ұсынған №1 Ұзынкөл жалпы білім беретін мектебі республика көлемінде II орынды иеленіп, жоғары жетістікке қол жеткізді. Бұл – мектеп ұжымы мен оқушылардың бірлескен еңбегінің, жүйелі экологиялық жұмыстың нақты нәтижесі.
– Экологиялық мәдениет – тек жеке бір бағыт емес, мектептің басты миссиясының ажырамас бөлігіне айналған. Мұнда әрбір оқушы өзін табиғат қорғаушысы ретінде сезінеді, ал білім ордасы тұрақты дамудың шағын моделі ретінде қалыптасуда. Сондықтан экологиялық бағыттағы жұмыс біздің №1 Ұзынкөл жалпы білім беретін мектебінде толастаған емес. Осыдан үш жыл бұрын, 2023 жылы «Қазақстан халқына» қоры мен Білім беру саласын тұрақты дамыту қорының қаржылай қолдауымен мектебіміз материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етілді. Бұл бізге экологиялық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді, – дейді білім ордасының директоры Диана Жазитова.
Конкурс білім алушылар мен педагогтер үшін жайлы экологиялық орта қалыптастырумен қатар оқушылардың экологиялық сауаттылығын арттыруға бағытталған. Бүгінгі таңда өзектілігі жоғары мәселе болғандықтан, мектеп ұжымы бұл бағытқа ерекше көңіл бөліп, байқауда бақ сынауға бел буған. Жобаны іске асыруға белсенді атсалысқан педагогтердің қатарында мектеп директоры әрі физика пәнінің мұғалімі Диана Жазитова, оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, география пәнінің мұғалімі Данута Лезбаева, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар Асель Танабаева, Гаухар Жангалиева, аға тәлімгер Асет Кощугулов, физика пәнінің мұғалімі Дмитрий Наглый бар. Ал мектептегі экологиялық бастамалардың бел ортасында жүрген 10-сыныптың оқушылары – Камиля Арсен, Полина Мозер, Кира Крупко, Кристина Антонюк, Ерхат Каиржанов және 8-сынып оқушылары – Анастасия Пысларь, Ясмина Житербаева, Анна Мирошник, Виктория Макарова – жобаның табысты жүзеге асуына зор үлес қосты.
Мектептегі экологиялық бағдарлама бірнеше сектор арқылы жүзеге асырылады. «ReGreen» – «Жасыл энергия сақшылары» секторы мектеп аумағын көгалдандыру мен биофилия бағытына жауап береді. Оқушылар өсімдіктер отырғызып, шағын бақтар мен жайлы демалыс аймақтарын жасайды. Нәтижесінде мектептің әр бұрышы жасыл желекке оранып, табиғатпен үйлесімді орта қалыптасады. «ЭкоЗаряд» – «Энергия шеберлері» секторы ресурстарды үнемді пайдалануға баулиды. Яғни, эко-флешмобтар, энергия шығынын анықтайтын карталар, үнемдеуге арналған ескертпелер мен баламалы энергия көздерімен танысу арқылы жастардың бойында жауапты тұтыну мәдениеті қалыптасады.
«Қоқыс детективі» – «Тазалық сақшылары» секторы қалдық заттарды бөлек жинау жүйесін дамытады. Экологиялық квесттер, зерттеу жұмыстары, сонымен қоса ақпараттық плакаттар мен дұрыс таңбаланған контейнерлер сұрыптауды күнделікті дағдыға айналдыруға мүмкіндік береді. «SmartLife» – «Экологиялық болашақ инженерлері» секторы заманауи технологияларды енгізуге бағытталған. Ақылды жарықтандыру жүйесі, QR-кодтар, цифрлық эко-дағдылар мен онлайн экобелсенділік картасы мектепті инновациялық әрі ресурсты үнемдейтін кеңістікке айналдырды.
– Байқағандарыңыздай, жобаларымыз негізінен техникалық бағытта. Мысалы, «Smart үй» жобасын өткен жылы, желтоқсан айында бастадық. Жоба идеясы біздің қатысқан хакатоннан кейін пайда болды. Бұл «SmartLife» бағытына сәйкес, яғни «Экологиялық болашақ инженерлері» концепциясын дамытады. Ал «ReGreen» жобасы бойынша өсімдік өсіру, тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу сияқты жұмыстарды жүргіземіз. Сонымен қатар мектебімізде жыл сайын дәстүрлі «Батарейкалар» акциясы өткізіліп тұрады, – дейді Диана Армановна.
Былтыр желтоқсан айында Қостанайдағы Neco клубы екі жүзден астам қатысушының басын қосқан ауқымды экологиялық фестиваль ұйымдастырған. Оған экологияға бейжай қарамайтын оқушылар, жас волонтёрлер, мұғалімдер, экобелсенділер мен серіктес ұйымдар қатысып, табиғат қорғау бағытындағы бастамалардың қорытындысын талқылады. Экологиялық тәрбиені ұстаным еткен білім ордасы аталған фестивальде жүлделі бірінші орынды қанжығасына байлап, 30 мың теңгенің сертификатына ие болған. Жаңа жыл да жағымды жаңалығымен бастау алып, бірлескен жұмыстың нәтижесі республикада екінші орын алып келді. Жемісті жетістіктер білім ордасы үшін лайым жалғасын таба берсін дейміз.
Жамал ШАУКЕН,
суретті түсірген:
Дархан АМРИН,
«Нұрлы Жол» аудандық
газетінің тілшісі
Учитель – это светоч нации. Ежедневным кропотливым трудом каждый из вас вносит неоценимый вклад в развитие страны. Вы сеете семена знаний в молодые сердца и растите мыслящую нацию. Ибрай Алтынсарин говорил: «Превыше всего я ценю хорошего учителя». Педагог – ключевая фигура в построении будущего страны, поэтому ему должно быть отведено достойное место в обществе.
Я спросил у посла Японии, каким образом его страна сумела так быстро достичь высокой степени развития, стала играть в мире столь важную роль? Мне очень понравился ответ посла: «Японцы верили, что единственный способ поднять страну – это дать своим детям лучшее образование, чем они имели сами, самым важным для них было уйти от своего положения крестьян и получить образование. Поэтому в семьях огромные усилия прикладывались к тому, чтобы поощрять детей хорошо учиться в школе, чтобы они могли чего-то достичь. Из-за этого стремления постоянно чему-то учиться, через систему образования распространялись новые идеи из внешнего мира. Это одна из причин быстрого развития Японии».