Замандастар жырлайды

Выпуск - №20(617)   :   22.05.2024
423

2

Қостанай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Замандастар жырлары» жобасы аясында белгілі журналист, ақын, облыстық Ы.Алтынсарин атындағы мемориалдық музейінің басшысы Марғұлан ОСПАНОВПЕН кездесу өтті.

3

Оқушылармен кездесу барысында Марғұлан Оспанов Ы.Алтынсарин атындағы мұражайдың ғылыми-зерттеу жұмыстарымен таныстырып өтті. Артынша өзінің ақындық жолын әңгімелей отырып, білім алушаларды кітап оқуға және сөз шеберліктерін ұштауға шақырды.
– Зияткерлік мектептің оқушыларымен кездесуде ойымызды ақтарып, білгенімізді дәріс қылдық. Қазақтың домбырашы жігіттері қаз-қатар тұра қалып, күй тартып, ерекше құрметпен қарсы алды. Оқушылардың қызығушылығы мен қойған сұрақтары мені қатты толғандырды. Журналистика саласындағы, қызмет бабындағы, тіпті, бойымдағы ақындық қырларыма дейін сұрап, ой бөлісіп отырғандарына риза болдым, – деді Марғұлан Бақытбекұлы.
Жергілікті ақынмен кездесуден оқушылардың да алған әсері ерекше болды.

4

1


– Бүгінгі кездесуден алған әсерім ерекше. Келген қонағымыз ақын, жазушы бола тұрып, домбыраның құлағында ойнайтыны тәнті етті. Кезіндегі сал-серілердің бірімен кездескендей күйде болғанымыз рас. Тағылымға толы іс-шара барысында Ыбырай Алтынсарин туралы бұрын-соңды білмеген тың мәліметтерге де қанық болдық, – дейді 11-сынып оқушысы Зерде Мұратова.
Кеш қонағы өз шығармашылық қоржынынан оқушыларға қонақ кәде ретінде тарту жасады. Жалпы, «Замандастар жырлары» жобасы аясындағы іс-шараны ұйымдастыруға қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері белсене атсалысқанын айта кеткен жөн.
– Ақынның Ыбырайдың өмірбаянын, шығармашылығын, ол кісінің жүріп өткен жолдарын қаншалықты білетініне көз жеткіздік. Көптен бері көкейде жүрген жауабы жоқ сұрақтарға жауап алдық, – деп бөлісті қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Салтанат Қабденова. Айтуынша, бұндай іс-шаралардың жастарға берер тағылымы мол.

Әсел ҚИБАШ,
Қостанай қаласындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз хатшысы

Реклама

Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.