Учительская плюс

Областная еженедельная общественная информационно-образовательная газета
Календарь
09/11/26 Понедельник

«Зерде»: шәкірттеріміз республикалық кезеңде

Выпуск - №45(593)   :   07.12.2023
445

Қараша айының 10-ында, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық opталығының ұйымдастыруымен, 2-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» республикалық зерттеу жобалары байқауының облыстық кезеңі өтті. 

Бұл байқау балалардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру мақсатында қолға алынған. Осы байқаудың облыстық кезеңінде Амангелді ауданындағы Амангелді ЖББ мектебінен 2 оқушы қатысты. Олар: 4-сынып оқушысы Аяулым Арғынғазы, жетекшісі – Қарлығаш Ауезбекова және 7-сынып оқушысы Аруна Дауитбаева, жетекшісі – Бақыткүл Уатқанова.

Осы байқауға қатысқан оқушыларымыз облыстық кезеңде тың тақырыптағы ғылыми зерттеу жоба жұмыстарын жоғары деңгейде қорғап, Бас жүлдені иеленіп, «Зерде» республикалық зерттеу жобалары байқауының республикалық кезеңіне жолдама алды. Облыстық деңгейде осындай үлкен жетістікке жете білген шәкірттеріміз бен олардың жетекшілерін ұжым атынан шын жүректен құттықтаймыз! Ұстаз еңбегі шәкірт шығармашылығымен еселене берсін!


Камшат АБДИКОВА,
Амангелді ЖББМ
директордың ғылыми-
әдістемелік жұмыстар
жөніндегі орынбасары

Реклама

Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.