Білім күнінде аманқарағайлық 1-сынып оқушылары, олардың ата-аналары мен ұстаздары мектеп табалдырығын аттауға асықты. Өйткені биыл ауылымызда мемлекеттік тілде білім беретін жаңа мектеп ашылды.
Ауыл тұрғындарына ерекше әсер қалдырған бұл күнді аманқарағайлықтар өмір бойы естерінде сақтайтыны анық. Жаңа №2 Аманқарағай орта мектебінің ғимараты 320 оқушыға арналған. Биыл білім ошағының табалдырығын 231 бала аттамақ. Әр сынып бөлмесінде олардың сабақ оқуына қажетті жағдайлардың бәрі жасалған. Сыныптарда мультимедиялық тақталар, әдемі шкафтар, парталар, магнитті тақталар мен дидактикалық оқу материалдары талапқа сай орнатылып, түгелдей қолданысқа берілді. Мектеп ғимаратының құрылысын өткен жылдың маусым айынан бастап Дархан Әбдіковтың басшылығындағы «Алюминисторой» ЖШС жүргізгенін айта кеткен жөн. Ауқымды жобаның жалпы құны – 1 млрд 380 млн теңгені құрайды.
Мектебіміздің салтанатты ашылуы Білім күніне тұспа-тұс келді. Іс-шараны «Шашу» биімен 8-сынып оқушысы Аягөз Бірмағамбетова мен 9-сынып оқушысы Әсемгүл Себепова ашты. Жүргізушілер барша қатысушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, келген қонақтармен таныстырды. Жиындағы алғашқы сөз мектептің бой көтеруіне ерекше қолдау көрсетіп жатқан Әулиекөл ауданының әкімі Ерлан Теменовке берілді. Аудан әкімі аманқарағайлықтар мен мектеп оқушыларын, мұғалімдер мен келген қонақтарды алғашқы білім күнімен құттықтады. Осы мектепке алғаш қадам басқалы отырған жас бүлдіршіндеріміз білімді де саналы ұрпақ болып тәрбиеленіп, еліміздің мақтан тұтар азаматтары болатынына сенім білдірді. Артынша мектебіміздің ардагер ұстазы Рыскүл Бекмұхамбетова, қарт ұстаз әрі ата-ана Оразғали Рахметов жүрек жарды лебізін білдірді.
Жаңа мектептің лентасын қию құрметі аудан әкімі Ерлан Олжабайұлы мен құрылыс басқармасының басшысы Дархан Жанысбекұлына берілді. Биылғы жыл біздің мектеп ұжымы үшін жақсы жаңалығымен басталды. Ендігі кезекте жаңа шаңырағымыз мектеп директоры Ғалымжан Ерішевтің басшылығында жаңаша жұмыс істейтін нағыз білімнің ордасы болады деген ойдамын. Ал оқушыларымыз білікті педагогтерімізден заман талабына сай жан-жақты әрі терең білім аларына кәміл сенімдімін.
Айнұр ӘБІЛЖАНОВА,
№2 Аманқарағай ОМ
директордың тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары,
Әулиекөл ауданы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.