Жуырда Қостанай қаласындағы Юбилейный ықшамауданында жаңа мектеп ашылып, тұрғындары үлкен қуанышқа кенелді. Үш қабатты, жарық, заман талабына сай бой көтерген білім ордасы 1200 орынға арналып салынған.

Бүгінде «Юбилейныйдың» тұрғылықты халқының саны да артып келеді. Бұл ықшамаудан тұрғындарына ыңғайлылық үшін қажетті жағдайлар жасалған. Нұр үстіне нұр болып, жуырда білім ордасы ашылып, үлкен қуаныштың куәсі болдық. Мектебіміз жаратылыстану-математикалық бағытта жұмыс істеп, екі тілде білім береді. Қазіргі таңда туындаған қиын-қыстау жағдайға қарамастан, жаңа білім ордасы бүлдіршіндерге есігін айқара ашып, 3-тоқсандағы оқуды бастап кеттік.
Санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтай отырып, жұмыс жүргізуге мектеп әкімшілігі тарапынан барлық жағдайлар жасалған. Мектептің алғашқы жұмыс күндерінде оқушы, мұғалім, ата-ана арасындағы бейімделу өз деңгейінде жүріп жатыр. Бастауыш сынып мұғалімі ретінде екінші сынып оқушыларына білім мен тәрбие берудемін. Сыныбымның оқушылары бір-бірімен танысып, тез тіл табысып, достасып та кетті. Мектебіміздің ұстаздары білікті, өз істерінің шебері десем де болғандай. Жас ұрпақты оқытып, тәрбиелеудегі еңбегіміз жемісті болып, болашағымыз жарқын, шәкірттеріміздің дені сау, білімді, тәрбиелі болып өсіп, мектебімізді биіктен көрсете берулеріне тілектеспін.
Мәншүк АЛҒАШБАЕВА,
№27 ЖББМ бастауыш
сыныптар мұғалімі,
Қостанай қаласы
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.