ҚР Білім жəне ғылым министрлігінің ұсынысына сәйкес Білім күні оқушылардың барлығына дерлік қашықтан ұйымдастырылды. Мичурин орта мектебінде 1-сынып оқушыларының қатысуымен мереке санитарлық талаптарды қатаң сақтау арқылы өтті.

Биылғы жағдай өзгеше. Елімізде орын алған жағдайға байланысты жылдағыдай мектеп алды оқушыға толы болмады. Тек 1-сынып оқушылары мен олардың ата-аналары және мектептің жаны – педагогтері. Жоғарыда атап өткеніміздей, қауіпсіздік мәселесі әркез бақылауда болды. Бекітілген арақашықтық сақталды, мерекелік шараға қатысқандардың барлығы да қатаң түрде медициналық маска тағып, кіреберісте антисептикті қолданып барып, мектеп табалдырығын аттады. Әлбетте бұл шаралар оқушылардың денінің саулығын қамтамасыз ету мақсатында атқарылып жатқаны белгілі. Бастысы, ел болашағы – жастарымыздың басының амандығы, денінің саулығы қажет.

Мерекелік жиыннан бөлек, биыл мерейтойлары аталып жатқан ақын Абай Құнанбаев пен ойшыл Əбу Насыр әл-Фарабидің тарихи оқиғаларымен байланысты сынып сағаттары өткізілді. Мектеп директоры құттықтау сөзінде балаларға, мұғалімдерге және ата-аналарға жылы лебізін білдірді. Бұл күні мектебіміздің есігі айқара ашылып, білім нəрімен сусындауға келген балаларымызды құшақ жая қарсы алды.

Қазіргі уақытта мектебіміз қашықтан және кезекші бастауыш сыныптарымен санитарлық эпидемиологиялық талаптарға сəйкес міндетті түрде арнайы құралдармен дезифекциялау арқылы жұмысын бастап кетті. Жас ұрпақты тәрбиелеу жолында мұғалімдер мен ата-аналар бірлескен қажырлы әрі өлшеусіз еңбектері əркез жемісті бола берсін.
Айжан ЖАБАЕВА,
Мичурин ОМ директордың
тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары,
Қостанай ауданы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.