«Жаңа технологиялар заманындағы академиялық адалдық»

Выпуск - №35(632)   :   05.09.2024
444

2

Дәл осындай тақырып аясындағы NIS-тің дәстүрлі тамыз кеңесі тамыз айының 23-27 аралығында Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қабырғасында өтті.

Ауқымды жиынға республикамыздағы 21 Зияткерлік, 1 Халықаралық мектептен 100-ге жуық педагог қатысты. Ал, 3500 мұғалім пленарлық отырыстар мен секциялардың жұмысын қашықтан тыңдады. Дәстүрлі іс-шараға Қостанайдағы НЗМ директоры Гульнара Дусказиева, тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Амир Ажмухамбетов және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Елена Ващенко арнайы барып қатысты. Бес күнге созылған іс-шарада өткен жылғы нәтижелер мен оқушылардың үлгерімі туралы статистикалық деректер келтіріліп, әр мектептегі даму жоспарын талқыланды.

3

4


Жиында Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Звира Есбергенова, Білім беруді тұрақты дамыту қорының директоры Данияр Тоқтарбаев, Академиялық адалдық лигасының Жобалық кеңсесінің басшысы Нұргүл Маханбаева, Астана IT университетінің Үздіксіз білім беру сандық институтының директоры Ермек Әлімжановтар төбе көрсетті.
Кейінгі жылдары жасанды интеллектті білім саласында қолдану кең етек алған. Сондықтан да, плагиат, авторлық құқық, өнертабысты қорғау мен жас ұрпақтың креативті ойлау дағдыларын дамыту сынды мәселелер туындап отыр. Алайда, оқушыларды цифрлық игілікті академиялық адалдық қағидаларын ескере отырып пайдалануға үйрету маңызды. Ауқымды конференция осы мақсатта ұйымдастырылды.

5

1


Аталмыш конференция – білім берудегі өзекті мәселелерді талқылау үшін Назарбаев Зияткерлік мектептерінің барлық мұғалімдерін біріктіретін дәстүрлі алаң. Педагогтер қауымы үшін маңызды жиынның алғысөзінде NIS Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин еліміздегі білім сапасын дамытуда Зияткерлік мектептердің үлесін сөз етіп, бірқатар әлеуметтік жобалардың іске асырылу барысын баяндап, «Білім беру өзгерістерінің 1000 көшбасшысы» жобасының нәтижелерімен бөлісті.
Ал, пленарлық отырыстар аясында ұйымға қарасты Білім беру бағдарламалары орталығы директорының орынбасары Галия Алжанова «NIS-Programme» білім беру бағдарламасы аясында академиялық адалдықты игеру қағидалары жайында егжей-тегжейлі ақпарат берді. Бұдан бөлек, әлемде акамедиялық адалдық принциптерінің қалай сақталатыны жайында сараптамалық материалдарымен бөліскен Басқарушы директор Данияр Теміртасов шәкірттерді жастайынан авторлық құқықты сақтауға үйретудің мемлекеттік деңгейдегі маңызына тоқталды. Білім берудегі цифрландырудың тиімді тұстарының бірі – BeyimTech өнімдері де таныстырылды.

6


Конференцияның пленарлық отырысында «Табысты тәжірибелер панорамасының» ең үздік кейстері анықталып, Зияткерлік мектептердің педагогтері білім берудегі цифрландыру, емтихандар мен дәрістер барысында академиялық адалдық қағидаттарын сақтау мәселелерін қарастырды. Айта кетейік, конференция барысында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің мамандары білім сапасын дамытуға қосқан үлесі үшін Оқу-ағарту министрлігінің «Еңбек ардагері» және «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.

Әсел ҚИБАШ,
Назарбаев Зияткерлік
мектебінің баспасөз хатшысы

Реклама

Я спросил у посла Японии, каким образом его страна сумела так быстро достичь высокой степени развития, стала играть в мире столь важную роль? Мне очень понравился ответ посла: «Японцы верили, что единственный способ поднять страну – это дать своим детям лучшее образование, чем они имели сами, самым важным для них было уйти от своего положения крестьян и получить образование. Поэтому в семьях огромные усилия прикладывались к тому, чтобы поощрять детей хорошо учиться в школе, чтобы они могли чего-то достичь. Из-за этого стремления постоянно чему-то учиться, через систему образования распространялись новые идеи из внешнего мира. Это одна из причин быстрого развития Японии».

Всевозможные разновидности книги как объекта не изменили ни её назначения, ни её синтаксиса за более чем пять веков.
Книга – как ложка, молоток, колесо или ножницы. После того, как они были изобретены, ничего лучшего уже не придумаешь. Вы не сделаете ложку лучше, чем она есть…
В XVI веке венецианскому печатнику Альду Мануцию пришла в голову великая идея сделать книгу карманного формата, которую гораздо легче возить с собой. Насколько я знаю, более эффективного способа перемещения информации так и не было изобретено. Даже компьютер со всеми его гигабайтами должен быть включен в сеть. С книгой таких проблем нет. Повторяю: книга – как колесо.