Арқалық қаласындағы А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназияда жас ұстаздардың кәсіби шеберлігін арттыру және шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында «Жаңашыл мектепке – жаңашыл ұстаз» атты жас мамандар сайысы ұйымдастырылды.
Білім мен білік, жаңашылдық пен ізденіс тоғысқан бұл дода үш кезеңнен тұрды. «Таныстыру» деп аталған алғашқы кезеңде қатысушылар өздерінің педагогикалық ұстанымдары мен өмірлік көзқарастарын шығармашылық тұрғыда жеткізе білді. Мұнда жас мамандардың өзін-өзі ұстау мәдениеті, сөйлеу шеберлігі мен креативтілігі көрінді. Ал «Адал азамат» тақырыбына арналған екінші кезеңде қатысушылар сыныппен жүргізген тәрбие жұмыстарының негізінде адал азамат тәрбиелеудің алты бағыты бойынша жобаларын ұсынып, тәрбиелік мәні айрықша іс-шараларын таныстырды. Қазылар алқасы бұл бөлімде үміткерлердің оқушылармен жұмыс істеу шеберлігін, құндылыққа негізделген тәрбие беру бағытындағы ізденістері мен жаңашылдығына жоғары баға берді. Сайыстың үшінші кезеңінде қатысушылар өнерлерін ортаға салып, ән айту, би билеу және көркем сөз оқу арқылы шығармашылық әлеуеті мен жан-жақтылығын танытып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
Байқау қорытындысы бойынша үздіктер анықталып, Бас жүлдені математика пәнінің мұғалімі Аружан Ажибаева иеленді. Жүлделі І орын бастауыш сынып мұғалімі Таңшолпан Қапсұлтанға, ІІ орын математика пәнінің мұғалімі Тоғжан Жақсылыққа бұйырды. Ал ІІІ орынды қазақ тілі пәнінің мұғалімі Назерке Забихолла мен Ләззат Кендирбекова өзара бөлісті. Сондай-ақ сайыс барысында бірқатар қатысушыларға арнайы номинациялар берілді. Атап айтсақ, «Шығармашыл жас маман» аталымы математика пәнінің мұғалімі Гүлназым Төленбековаға табысталса, «Жаңашыл педагог» атағына бастауыш сынып мұғалімі Мөлдір Қаби лайық деп танылды. Осылайша, А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназия қабырғасында өткен бұл байқау жас мамандар үшін үлкен тәжірибе алаңына айналып, білім мен тәрбие сапасын арттыру жолындағы маңызды қадам болды.
Ләззат КЕНДИРБЕКОВА,
А.Құнанбаев атындағы
мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі,
Арқалық қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.