Жаңа жыл – жаңа белес, жаңа арман

Выпуск - №51 (548)   :   28.12.2022
1194

Желтоқсанның 25-і күні еліміздің әрбір өңірінде ҚР Президентінің Жаңа жылдық шыршасы өтті. Қостанай қаласында өткен мерекелік іс-шараға облыстың аудан, қалаларынан, барлығы 200 бала қатысты.

Жылдағы дәстүрге сай мерекелік кеш биыл да жалғасын тапты. Түрлі кейіпкерлердің үлгісінде киінген балалар, сәнді шырша, әуезді әсем ән – бәрі жарасымды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан жиналғандарды Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов құттықтап, жиналғандарға зор денсаулық, мол табыс және Жаңа жылда барлық арманның орындалуын тіледі. Көңілді кеште қуыршақ театры мен эстрадалық-цирктің өнерпаздары түрлі қызықты қойылымдар ұсынды. Балалар мерекелік шараға арнайы шақырылған мультфильм кейіпкерлерімен бірге билеп, хормен ән шырқады.

«Қош келдің, Жаңа жыл – жаңа белес, жаңа арман» тақырыбында өткен ҚР Президентінің шыршасына қатысу құрметіне өңіріміздегі оқу үздіктері, түрлі конкурстар мен олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балалары, сондай-ақ оқуда, спортта, шығармашылықта немесе қоғамдық өмірде жетістіктерге жеткен дарындар ие болды. Сондай алғыр жастардың бірі – Қостанай қаласындағы №28 мектеп-гимназияның 7-сынып оқушысы Айдана Кіндікбай.

– Осы шараға қатысқаныма өте қуаныштымын. Мектепте үздік оқып, қоғамдық іс-шараларға үнемі қатысып жүремін. Мектебімде спорттық, шығармашылық бағыттағы түрлі үйірмелер жұмыс істейді. Солардың арасынан журналистика үйірмесін таңдадым. Бұл үйірмеге қатысып жүргеніме де екі жылдай болып қалды. Осы уақыт ішінде өңіріміздегі балаларға арналған газет-журнал беттерінде шығармаларымды жариялап, арманыма бір адым жақындап келемін. Бос уақытымда ән шырқағанды жаным сүйеді. Осы бағытта түрлі сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға да ие болдым. Журналист болу – менің арманым. Ол үшін терең білім керек екенін түсінемін. Осы жолда маған білім мен тәрбие беріп жатқан ұстаздарыма, аяулы анама алғыс айтамын. Жаңа жыл құтты болсын, қоян жылы құт-береке ала келсін! – деп ақжарма тілегін жолдады жас өнерпаз.

Мерекелік шараға арнайы қатысқан Облыстық білім басқармасының басшысы Зәуре Байменова бізбен әңгімесінде мерекемен құттықтап, ізгі лебізін жолдады.

– Дәстүр бойынша Президент шыршасына Қостанай облысының барлық өңірлерінен 200 бала қатысып отыр. Әр балаға сыйлық ретінде олардың оқу барысында қолдануы үшін планшет сатып алынды. Өздеріңізге мәлім, қазір оқыту Online mektep платформасы арқылы жүргізіледі. Бұл оларға жақсы бір көмекші болады деп ойлаймыз. «Артық білім – кітапта» дегендей, Президенттің атынан жеке құттықтау ашықхаты мен қазақ, орыс және ағылшын тілінде әдемі суреттермен иллюстрацияланған Ганс Христиан Андерсеннің ертегілер жинағы, сондай-ақ тәттілер сыйлыққа берілді. Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін облысымыздың әртістері, «Карнавал» би ансамблі, Педагогикалық колледждің студенттері өнер көрсетті. «Оқу – инемен құдық қазғандай» дейді ғой. Жаңа жылда әр балаға тілейтінім: денсаулық, оқуда табыс. Балалар сапалы білім алумен қатар өздерінің қызығушылықтарына сай үйірмелерге қатысып, балалық шағын неғұрлым қызықты, мәнді әрі мағыналы өткізуін тілеймін, – дейді Зәуре Әнуарбекқызы.

Жаңа жыл шыршасында Аяз ата мен Ақшақар балалармен бірге би билеп, ал тақпағын айтып, әнін шырқап, дайындап әкелген биін билеген балаларға тәтті сыйлықтарын үлестірді. Осылайша әні мен сәні жарасқан мерекелік кеш көңілді нотада мәресіне жетті.


Жамал ШАУКЕН

Реклама

Я непоколебимо верю, что наука и мир восторжествуют над невежеством и войной, что народы сойдутся друг с другом не для разрушения, а для созидания, и что будущее принадлежит тем, кто сделает более для страждущего человечества.
Величайшие открытия рождаются из простых наблюдений, если смотреть на мир с пытливостью ребёнка.
Наука должна служить людям, а не оставаться в стенах академий. Наука не имеет родины, потому что знание принадлежит всему человечеству.
На той ступени развития, которой мы достигли и которая обозначается именем «новейшей цивилизации», развитие наук, быть может, ещё более необходимо для нравственного благосостояния народа, чем для его материального процветания.

Учитель – это светоч нации. Ежедневным кропотливым трудом каждый из вас вносит неоценимый вклад в развитие страны. Вы сеете семена знаний в молодые сердца и растите мыслящую нацию. Ибрай Алтынсарин говорил: «Превыше всего я ценю хорошего учителя». Педагог – ключевая фигура в построении будущего страны, поэтому ему должно быть отведено достойное место в обществе.