Жайлы мектеп – Арқалық төрінде

Выпуск - №44(641)   :   07.11.2024
912

Қостанай ауданындағы №1 Заречный ЖББ мектебінің ашылуынан екі күн өткен соң Арқалық қаласында да 300 орынға арналған мемлекеттік тілде оқытатын Жайлы мектептің салтанатты ашылуы өтті.

8-2-1


Жалпы құрылысына 2,6 млрд теңге бағытталған Арқалық қаласы білім бөлімінің №7 жалпы білім беретін мектебі табысты білім беру процесі үшін сапалы жағдай жасай отырып, өз есігін айқара ашты. Салтанатты ашылу рәсімінде облыс әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқали мектепте оқушылардың таланттары мен қабілеттерін дамыту үшін барлық жағдай жасалғанын тілге тиек етті.

– Мектептің ашылуымен қатар өңір үшін әлеуметтік әсері маңызды: 70 тұрақты жұмыс орны құрылды. Оқушылар қадамдық қолжетімділікте сапалы білім ала алады. Мектептің Арқалық педагогикалық институтымен ғылыми-әдістемелік өзара іс-қимылы жолға қойылады, болашақ педагогтер мектепте одан әрі жұмысқа орналасумен практикадан өте алады, ал институттың жетекші ғылыми қызметкерлері ынтымақтастықты жалғастыру үшін қамқоршылық кеңестің құрамына кіруге дайын, – деп атап өтті Ринат Зәкиұлы.

8-2-2


Мектептің бастауыш, орта және жоғары буынды оқытуға арналған блоктары бар. Жиырма алты оқу кабинеті оқушылардың зерттеу дағдыларын қалыптастыру үшін заманауи жабдықтармен қамтылған. Робототехника кабинеттері мен компьютерлік сыныптардың, STEM-зертханалардың жарақтандырылуы өскелең ұрпақтың IT-құзыреттерін, ғылыми және шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған.


8-2-3


Оқу залы бар заманауи кітапхана, жайлы коворкинг аймақтары, сондай-ақ тыныш және белсенді ойындарға арналып жабдықталған алаңдар да бар. Мектеп ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға бейімделген, қауіпсіз білім беру ортасы, соның ішінде мобильділігі төмен азаматтар үшін де барлық жағдайлар жасалған. Қазірдің өзінде мектепке 400-ге жуық бала қабылданған, оқыту екі ауысымда жүргізіледі.


8-2-4


Ардагер Түбекбай Әубәкіров оқушылар мен педагогтерді мектептің ашылуымен құттықтап: «Ең бастысы, қазіргі заманғы стильде салынған оқу орнында өскелең ұрпаққа сапалы білім беру үшін толыққанды жағдайлар жасалса деймін. Бұл оқу орны тек білім беру ордасы ғана емес, қаламыздың спорттық және мәдени өмірінің орталығына айналады деп үміттенеміз», – деді.

Жалпы, «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында облыста 4500 орындық 6 мектеп: Қостанай ауданына қарасты Заречный ауылы, Арқалық және Рудный қалаларында, Құсмұрын ауылында және облыс орталығы Қостанайдың белсенді дамып келе жатқан «Аэропорт» және «Береке» шағын аудандарында екі мектеп салынуда. Бұл – облыста «Жайлы мектеп» жобасы аясында ашылған екінші білім ордасы.

Қостанай облысы
білім басқармасының баспасөз қызметі

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.