ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен дәстүрлі түрде қолға алынған «Қазақстан – мейірімділік мекені» республикалық балалар бастамасы №1 Ұзынкөл орта мектебінде де қолдау тапты.

Бастаманың басым міндеттері – мектеп жасындағы балаларды отансүйгіштікке, мейірімділікке тәрбиелей отырып, тұрмысы қолайсыз отбасыларға материалдық көмек көрсетуге бағытталған қайырымдылық қызметпен айналысуға тарту. Ең әуелі мектебімізде бірнеше ай көлемінде өтетін игі бастаманың арнайы жоспары құрылып, қатысушыларды ақпараттандыру мақсатында өту барысын айшықтайтын қабырға стенді жасалды. Мектебімізде 2-16-60 сенім телефоны үнемі жұмыс істейді. Бұл бастама барысында «Үмітпен болашаққа» атты мектебіміздің еріктілер жасағы аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету үшін мемлекеттік органдардың, бизнес құрылымдардың өкілдерін, меценаттар мен демеушілер, жеке шағын серіктестіктерге, жеке серіктестіктерге барып, акцияға қатысуға шақырды.
Әсіресе жуырда өткен мектепішілік «Жүректен – жүрекке» қайырымдылық жәрмеңкесі дүйім жұртты таң қалдырды. Аталмыш жәрмеңкеге 1-11 сынып оқушылары, мектеп әкімшілігі мен ұстаздар қауымы белсенді қатысып, 207-кабинетте ашылған «Жақсылық жаса!» пунктісінде отбасыларға көмек ретінде киім-кешектер таратты. Сонымен қатар мектебіміздің еріктілер тобы аудан орталығында орналасқан ескерткіш маңын қардан тазалап, белсенділіктерін сөзбен емес, іспен дәлелдеді. Осындай жұмыстардың арқасында жас ұрпақ мейірімді, жомарт және адал болуға үйренбек. Жақсылық жасауға асығайық, ағайын!
Ажар СЕЙТҚАНОВА,
№1 Ұзынкөл ОМ
директорының тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары,
Ұзынкөл ауданы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.