Дм.Карбышев атындағы №14 жалпы білім беретін мектебінде жаратылыстану ғылымдары апталығы өтті. Оқу форматы аралас болғандықтан, қызыққа толы апталық аясында қашықтан және дәстүрлі форматта іс-шаралар ұйымдастырылды.

Атап айтатын болсақ, викториналық ойындар, 5-6 сыныптар үшін Google формасындағы тесттер, 7-сыныптар үшін Quizizz платформасында викториналық ойындар, сондай-ақ, яндекс платформасында карта жасау шебер-сыныбы өткізілді. Дәстүрлі форматында ӘБ биология пәнінің мұғалімі, Л.Мокрецова 11-сынып оқушылары үшін, «Своя игра» атты экология тақырыбына арналған сыныптан тыс іс-шара өткізді. Ең қызығы, 1-8 сынып оқушылары аралығында «Құстарға қамқор болайық!» атты экологиялық акциясы ұйымдастырылды.
Оқушылар ата-аналарымен бірге құстарға ұяшық жасады. Бұл жерде оқушылардың табиғат жанашыры екендігі көрінді. Сонымен қатар химия пәнінің мұғалімі М.Жайлыбаев 9-сынып оқушылары үшін «Күкірт қышқылы» атты ашық сабақ берді. Сабақ барысында оқушылар күкірттің алу жолдарымен таныс болды. Апталықтың соңғы күні жас мамандар биология пәнінің мұғалімі С.Байдильдина және география пәнінің мұғалімі А.Орманбек бірлесе отырып, «Биология-география әлеміне саяхат!» атты интеллектуалды ойынын өткізді. Ойынға 9 «Ә» сыныбы мен 10 «Ә» сынып оқушылары қатысты.
Ойынның мақсаты – оқушылардың танымдық құзыреттілігін және биология мен география пәніне деген қызығушылықтарын дамыту болды. Интеллектуалды ойын кезінде оқушылар өздеріне беймәлім мәліметтермен танысты. Ойын соңында үздік командалар марапатқа ие болды. Осындай апталықтар кезінде оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары арта түседі. Аралас форматта оқыса да, оқушылар интернет-ресурстарын, білім беру платформаларында жұмыс істей алады.
Сымбат БАЙДИЛЬДИНА,
Дм.Карбышев атындағы
№14 ЖББМ биология
пәнінің мұғалімі,
Рудный қаласы
Благодаря профессионализму коллектива редакции и пониманию важности наших тем мы, педагоги, можем представить широкой аудитории региона самые актуальные материалы о своей работе, о достижениях коллег и успехах учащихся. Я считаю, что газета «Учительская плюс» играет ключевую роль в поддержке профессионального сообщества, в развитии образования Костанайской области. И горжусь тем, что могу внести свой вклад в это дело вместе с газетой.
«У страны с сильной прессой – большое будущее», – сказал Мыржакып Дулатов. Действительно, роль СМИ на пути роста сильного общества велика. С каждым годом становится всё больше и больше грамотных читателей со своим видением и потребностями. И это радует. Издание «Учительская плюс», вестник сферы образования нашего региона, заряжает педагогов творческим вдохновением. На протяжении нескольких лет в этой газете публиковались мои статьи, написанные с целью популяризации имён и достижений талантливых учителей и студентов Рудненского социально-гуманитарного колледжа им. И.Алтынсарина. В последние годы я начала писать небольшие произведения. И именно «Учительская плюс» впервые представила мои рассказы. Для меня это издание занимает особое место. Верю, что и в дальнейшем газета «Учительская плюс» со сформированной читательской средой продолжит процесс духовной поддержки творческих и талантливых педагогов.