Жаратылыстану-зерттеулер мен инновация толқыны

Выпуск - №46(694)   :   12.12.2025
498

Жаратылыстану зерттеулер мен инновация толқыны (1)

Мемлекеттік тілде оқытатын А.Байтұрсынұлы атындағы жалпы білім беретін мектепте «Жаратылыстану-зерттеулер мен инновация толқыны» тақырыбында математика, физика және информатика бағытындағы пәндер апталығы өтті.

Апталық барысында математика, физика және информатика пәндерінің мұғалімдері жоспарланған сабақтарын өткізіп, тәжірибелерімен бөлісті. Сабақтарында олар жасанды интеллект құралдарын пайдаланып, жаңа әдіс-тәсілдерді түрлендіріп қолдана білді, соның нәтижесінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра білді.
Сыныптан тыс іс-шаралар барлық қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып ұйымдастырылды. Мысалы, математика пәнінің мұғалімі Жансұлу Кенжегарина 9–11-сыныптар арасында «Жаратылыстану пәндерінің құпиялары» тақырыбында квест ойынын ұйымдастырды. Сайыс барысында оқушыларға жаратылыстану пәндері, логикаға байланысты түрлі қызықты сұрақтар жасырылды. Нәтижесінде білім деңгейін толық көрсете білген 9 «А» сыныбының оқушыларынан құралған топ жеңіске жетіп, марапатталды.
Информатика пәнінің мұғалімі Ербол Бекбулатов Counter-Strike командалық электрондық ойыны бойынша сайыс ұйымдастырды. Бұл жарыс оқушылардың логикалық ойлауын ғана емес, стратегия құру дағдыларын және топпен бірлесе жұмыс істеу қабілетін дамытуға бағытталды. Сайысқа әрбір сыныптан киберспортқа қызығушылығы бар оқушылар тартылды. Физика пәнінің мұғалімі Зибагүл Суимбекова 8–9-сынып оқушыларының арасында сыныптан тыс сабақ – «Қызықты физика» демонстрациялық шоуын өткізді. Оқушылар физика пәнінен әртүрлі демонстрациялар жасап, ребустар шешті, осылайша сабақ қызықты, мазмұнды және тартымды өтті.
Математика пәнінің мұғалімі Гауһар Саматова 5–7-сынып оқушылары арасында математика пәнінен «Кім? Не? Қашан?» интелектуалдық ойынын өткізді. Бұл ойын оқушылардың білімін тексеріп қана қоймай, логикалық ойлауын, тапқырлығы мен топта жұмыс істеу дағдыларын дамытуды мақсат етті. Әр команда ерекше атауымен, ұранымен және қарқынды дайындығымен көрермендерді қызықтырды. Ойын барысында қатысушылар жылдам сұрақтар, бейнесұрақтар, жұмбақтап қойылған күрделі тапсырмалар және финалдық – шешуші сұрақтар кезеңдері бойынша бақ сынады. Уақытпен санаса отырып жауап беру – қатысушылардан батылдық пен шапшаңдықты талап етті. Тартысты ойын соңында жеңімпаз команда анықталып, қатысушылар мақтау қағаздары мен естелік сыйлықтарға ие болды. Бұл ойында оқушылар білімдерін сынап қана қоймай, жаңа әсер алып, интеллектуалды бәсекенің қуанышын сезінді. Сондықтан, «Кім? Не? Қашан?» ойыны – оқушылардың ынтасын арттырып, достық қарым-қатынасты нығайтты және алдағы білім бәсекелеріне зор мотивация сыйлады деп сеніммен айтуға болады.
Апталық аясында мектебіміздің пән мұғалімдеріне арналған коучинг ұйымдастырылды. Тағылымға толы іс-шараға қатысқан мұғалімдер заманауи оқыту технологияларын талқылады. Көшбасшылық қабілет, топтық жұмыс, оқытудағы белсенді әдістер, оқушы мотивациясын арттыру жолдары сияқты маңызды тақырыптар назардан тыс қалмады. Тәжірибелік тапсырмалар арқылы жаңа әдістерді сабақта қалай қолдануға болатынын меңгерді. Жалпы, «Жаратылыстану-зерттеулер мен инновация толқыны» тақырыбындағы пәндер онкүндігі мақсатына жетті.

Қаламқас ДУЛЫБАЕВА,
Мемлекеттік тілде оқытатын
А.Байтұрсынұлы атындағы ЖББМ
математика пәнінің мұғалімі,
Қостанай ауданы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.