Ресейдің Ханты-Мансийск қаласында Халықаралық ғылыми физика олимпиадасы (ISPhO-2025) өз мәресіне жетті. Биылғы байқауға әлемнің 21 елінен келген қатысушылар арасында 5 жас қазақстандық елге он марапатпен оралды. Осылайша еліміздің құрамасы жалпыкомандалық есепте 1-орынды жеңіп алып, әлемдік көшбасшылар қатарына енді.
Олимпиада теориялық және эксперименттік екі негізгі кезеңнен тұрды. Әр қатысушы осы бағыттар бойынша жеке есепте бағаланды. Нәтижесінде күміс медаль иегерлері атанғандар қатарында Алматы қаласындағы «Мирас» мектебінің 11-сынып оқушысы Роман Черемнов, Қостанай облыстық «Білім-Инновация» лицейінің 10-сынып оқушысы Таир Әбдіқадыр, Астана қаласындағы РФММ-нің 11-сынып оқушысы Альтаир Ақанов және Алматы қаласындағы РФММ-нің 10-сынып оқушысы Илияс Қазымбек бар. Сонымен қатар Астана қаласындағы «NURORDA» мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Даниэль Тюлюбаев қола медаль жеңіп алды.
Теориялық кезеңнің нәтижелері бойынша Роман Черемнов пен Илияс Қазымбек 1-дәрежелі дипломмен марапатталды. Ал Даниэль Тюлюбаев, Таир Әбдіқадыр және Альтаир Ақанов 2-дәрежелі дипломға ие болды. Жас физиктердің бұл үлкен жетістігі – оларды білім мен ғылымға жетелеп жүрген жетекшілері Самат Мақсутов (PhD докторы, CDU доценті) және Назарали Айтжанов (CDU магистрі) еңбегінің жемісі.
Қазақстандық оқушылардың бұл жеңісі – еліміздегі дарынды жастардың әлеуетін көрсетіп қана қоймай, ғылым мен білім саласының болашағына сенім ұялатады. Жас зияткерлер мен олардың білікті ұстаздарын жарқын жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Жамал ШАУКЕН,
Суреттерді ұсынған:
ҚР Оқу-ағарту минстрлігінің
баспасөз қызметі
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.