Мектептің 2-4 сынып оқушыларына арналған Республикалық «Бастау» математикалық турнирінің аудандық кезеңі өтті. Команда үш оқушыдан тұрды: 2-сынып, 3-сынып және 4-сыныптардан бір-бір оқушыдан қатысты.

Жас математиктер бақ сынасқан турнирде оқушылар байсалдылықпен күрделі тапсырмаларды орындады. Ең мықтылардың көшін бастау үшін Науырзым ауданынан 20-дан астам оқушы келіп, білімін ортаға салды. Байқау екі кезеңде өтті: «Әу, баста!» және «Математикалық бәйге». Қатысушылар білімдерін ғана емес, командада жұмыс істей алу қабілеттерін де көрсетуі қажет болды. Тапсырмалардың барлығы логикалық ойлауды анықтау мақсатында құрастырылған, сондықтан балалар өз көзқарастарын білдіріп, әділ қазылар алқасының алдында мәселені шешу жолдарын қорғады.
Нәтижесінде жеке сынақта Шолақсай ЖББ мектебі және Науырзым ЖББ мектебінің оқушылары көзге түсті. Балалар математикалық білімнің және сыни ойлаудың жоғары деңгейін, ынтымақтастық дағдыларын және командада жұмыс істей білу қабілеттерін көрсете отырып, барлық сынақтардан сүрінбей өтті. Турнир қорытындысы бойынша Шолақсай ЖББ мектебінің командасы І орын иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды. Ал командалар арасында турнир кубогына Шолақсай ЖББ мектебінің оқушылары ие болды.
Қанымкүл ВАЛИЕВА,
Науырзым ауданы
білім бөлімінің бастауыш
сынып әдіскері
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.