Жас математиктер сынға түсті

Выпуск - №24(672)   :   18.07.2025
386

1

Абай негізгі орта мектебінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында математика пәнінен «Жас математик» атты сыныптан тыс танымдық іс-шара ұйымдастырылды. Оған 6–8-сынып оқушылары белсене қатысып, білім мен біліктіліктерін сынаққа салды.

Іс-шара оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту және үздік білім иесін анықтауды көздеді әрі мақсатына толықтай жетті деуге болады. Қатысушылар белсенділік танытып, тапсырмаларға үлкен жауапкершілікпен қарады. Жалпы бес кезеңнен тұрған сайыстың тапсырмалары ұлттық нақышта әзірленіп, оқушылардың зейіні мен шығармашылық қабілеттерін арттыруға бағытталды.
Тартысты өткен сайыс нәтижесінде І орынға 7 «А» сыныбының оқушысы Ансаған Амангелді, ІІ орынға 8 «А» сыныбының оқушысы Дильназ Ещанова, ал жүлделі ІІІ орынға Мансур Сахитдин ие болды. Мектеп ұжымы мен ұйымдастырушылар атынан жеңімпаздарды құттықтап, алдағы уақытта да білім додаларында биіктен көріне берулеріне тілектестік білдіреміз.

Ақмарал ЗАМАНХАН,
Абай негізгі орта мектебінің математика
пәнінің мұғалімі,
Қостанай ауданы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.