Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный ЖББ мектебінде әкенің салмақты тәрбиесін алып, әкесінен көрген істі өзінің сүйікті кәсібіне айналдырған оқушылар баршылық. Солардың бірі – 9 «Ә» сынып оқушысы Мінәсіп Жақсылық.

Отбасындағы ұл тәрбиесінде әке мен аталардың орны ерекше. Әке – отбасы мүшелерінің тірегі, асырап сақтаушысы, қамқоршысы. Әкенің мінез-құлқы, өнер-білімі – ұл баланың көз алдындағы үлгі-өнеге алатын, соған қарап өсетін негізгі нысаны. Өнегелі, өнерлі, «Сегіз қырлы, бір сырлы», намысшыл азамат тәрбиелеу аталар арманы болған. Ал аталар жолын қуып, өнері мен өнегелі ісін жалғастыру жастарға да үлкен сын болып саналған. «Ата көрген оқ жонар» деген мақал соны меңзейді.
Әке жолын қуып, ісін жалғап жүрген Жақсылық, бос уақытында қағаздан, т.б. материалдардан түрлі ұшақ, машина сиякты бұйымдарды жасайды. Бұл іске деген қызығушылығы 5-сыныптан бастап ашылып, содан бері осындай заттарды жасауды әдетке айналдырған. Кеңес Одағының батыры, ұшқыш Талғат Бигелдиновтың туғанына 100 жыл толуына орай, аудандық сайысқа үлкен ұшақ жасады. Жақында Жақсылық Қостанай аудандық «Алтын дән» мәдениет үйінің «Bal-bala» балалар жобасына қатысқан үшін «Ең үздік талант» номинациясымен марапатталды.
«Алтын дән» мәдениет үйінің «Bal-bala» балалар жобасы Қостанай ауданының талантты және дарынды балаларымен таныстырады. Жүргізушісі – Қостанай аудандық «Алтын дән» мәдениет үйінің қызметкері Таңшолпан Мадиева. Аталмыш жобада Жақсылық өзінің жасаған дүниелерін ұсынып, олардың жасалу техникасымен де көпшілікпен бөлісті. Жақсы сұхбат жасап, өзінің келешектегі жоспарлары мен арман-мақсаттарын айтып өтті.
Жақсылық бос уақытында осындай керемет дүниелерді жасағанды жаны сүйеді. Келешекте осы өнерін дамытып, архитектор мамандығына оқуға түсіп, еліміздің дамуы мен өркендеуіне өз үлесін қосқысы келеді. Ендеше талабы таудай, болашағына сеніммен қарайтын шәкіртімізге тек ақ жол тілейміз!
Қаламқас ДУЛЫБАЕВА,
Мемлекеттік тілде оқытатын
Заречный ЖББМ математика
пәнінің мұғалімі,
Қостанай ауданы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.