Жас ұрпаққа құқықтық тәрбие беру – отбасы мен мектептің басты міндеті

Выпуск - №№35(482)   :   11.09.2021
1375

Бүгінгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу.

Жас ұрпаққа құқықтық тәрбие беру – жан-жақты тәрбиенің маңызды бір саласындағы жасөспірімдердің құқықтық тәрбиесі болып табылады. Құқықтық тәрбиенің мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығы мен құқықтық санасын арттыру және құқықтық мәдениет дағдыларын қалыптастыру. Осы мақсатта Қостанай қаласындағы №10 жалпы білім беретін мектептің 4 «А» сыныбының ата-аналары Қостанай қаласының ІІМ академиясының аға оқытушылары Ақылбекова Асель Батырбаевна мен Каримсакова Дина Талгатовна оқушылармен кездесуге келіп, оларға заңнамалық нормалар мен балалардың құқықтары мен міндеттері туралы түсіндіріп берді.


Оқушылардың санасы мен құқықтық мәдениетін қалыптастыру критерийлері болып негізгі заңдарды білу, оларды түсіну және міндетті түрде мүлтіксіз орындау; құқыққа, заңдылыққа құрмет көрсету; алған білімдерін күнделікті өмірде практикада өз бетінше, өз орнына қолдана білу; нормаларға қайшы келмейтін мінез-құлық әдетін қалыптастыру болып табылады. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деп айтқандай, әрбір ата-ана өз баласының тәртібі мен тәрбиесіне аса мән беріп, бос уақытта немен айналысатынына қатаң бақылау жасалып отырса, жасөспірімдер арасында болатын құқық бұзушылық пен қылмыстың болмауына көп септігін тигізер бірден-бір себеп болатын еді.

Нақты айтсақ, құқықтық білім беру арқылы жасөспірім құқықтың не екенін ұғынады және оның санасы қалыптасып, дамиды. Құқықты ұғынумен қоса тұлғаны заңды құрметтеуге, қорғауға, орындауға дағдыландыру мен заңның әділдігіне сендіру – құқықтық сананың негізгі белгілері болып табылады. Аталған белгілер оқушыларды құқықтық тәрбиелеу – отбасынан және мектеп табалдырығынан бастап жүзеге асады. Осы мақсатта мектепте құқықтық кеңесте қарастырлатын ата-аналар жиналыстары, дәрістер, заң қызметкерлерінің қатысуымен кездесулер, ұстаздар тәжірибесімен ой бөлісулер, пікірталастар мен дөңгелек үстелдер сияқты ата-аналармен тығыз байланыстағы жұмыс жолдары жоспарға сәйкес өткізілуде.


Қайырхан АЛТАЙ,
№10 ЖББМ директордың
тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары,
Қостанай қаласы

Реклама

Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.