Науырзым ауданы білім беру бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес және «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы аясында Жамбыл ОМ «Ел ертеңі – жастар» атты облыстық байқау өтті.
Жас ұстаздар қатысқан шараға Науырзым ауданы білім беру бөлімінің басшысы Г.Дускулова, Қостанай облысы білім басқармасының инновациялық-эксперименттік қызмет және шағын жинақты мектептерді дамыту бөлімінің басшысы Нұргүл Нұғыманова, тәрбие жұмысы және тұлғаны әлеуметтендіру бөлімінің басшысы Нұржан Оразғалиұлы, Науырзым ауданының ішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстық орталығының директоры Сүлеймен Жұман, ауданымыздың білім беру ұйымдарының директорлары, тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасарлары және педагогикалық ұжым қатысты.
Байқауға 9 өңірден 9 білім беру мекемелеріндегі жас маман ұстаздар: Рудный қаласындағы №19 ОМ бастауыш сынып мұғалімі Арай Жакиева, Федоров ауданындағы №2 ОМ технология пәнінің мұғалімі Әйгерім Катешова, Ұзынкөл ауданындағы Российская ОМ қазақ тілі пәнінің мұғалімі Самал Әуезханова, Б.Майлин ауданындағы С.Ерғалиев атындағы ОМ география пәнінің ұстазы Тұралы Орынбай, Арқалық қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы №1 ЖОББМ математика пәнінің мұғалімі Динара Сәкен, Амангелді ауданындағы Жаңа ауыл ЖББОМ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Аманат Қазқанов, Қостанай ауданындағы мемлекеттік тілде оқытатын Заречный ОМ музыка пәнінің мұғалімі Нұриден Қабыкенов, Қостанай қаласындағы №1 мектеп-лицейдің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Дарын Отынбай, Науырзым ауданындағы Жамбыл ОМ математика пәнінің мұғалімі Қамбар Намиалиев қатысты.
Облыстық байқау 5 кезеңнен тұрды. Атап өтер болсақ, «Мен ұстазбын!» өзін-өзі таныстыру кезеңінде қатысушы өзінің педагогикалық идеяларын аша отырып, өмірлік басымдықтары мен балаларға, мамандығына, әріптестерімен қарым-қатынастары жайында презентация көрсетті. «Өнерлінің өрісі кең» кезеңінде өз өнерлерін ортаға салды, «Қазақтың қолөнері» кезеңі бойынша қатысушылар қолдан жасалған қолөнер бұйымдарын ұсынды, «Дәстүрдің озығы бар...» кезеңінде салт-дәстүрден сұрақтар қойылымын көрсетті. Ал, «Білімді мыңды жығар...» кезеңінде Тәуелсіз Қазақстанның даму тарихы және қазақ халқының салт-дәстүрлерінен сұрақтар қойылды.
Нәтижесінде Рудный қаласындағы №19 ОМ бастауыш сынып мұғалімі Арай Жакиева 1-орын, Қостанай қаласындағы №1 мектеп-лицейінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Дарын Отынбай 2-орын, ал Амангелді ауданы Жаңа ауыл ЖББОМ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Аманат Қазқанов 3-орынды қанжығасына байлады. Сайыс соңында қатысушыларға мадақтама қағаздары мен сыйлықтар табысталды.
Тағы бір айта кетерлігі – іс-шара барысында «Рухани жаңғыру – ұлттың сарқылмас байлығы» тақырыбында аудандық балалар шығармашылығының көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Докучаев, Мереке, Дәмді, Шилі, Шолақсай, Өлеңді, Раздольная, Жамбыл, Балалар шығармашылық үйі белсене ат салысты. Нәтижесінде 1-орынды Жамбыл ОМ, 2-орынды Балалар шығармашылық үйі, ал 3-орынды Мереке НМ иеленіп, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының дипломдарымен марапатталды.
Алмагүл ЖАРҚЫМБАЕВА,
Науырзым ауданы білім беру бөлімінің әдіскері
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.