Жас зияткерге – Президент марапаты

Выпуск - №000(000)   :   15.08.2025
413

1


Қостанай қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы, халықаралық білім сайыстарының жеңімпазы Андрей ЕНБАХТОВ елорда төрінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы ТОҚАЕВТЫҢ қолынан арнайы марапат алды.

2


Ақордада өткен кездесуде Президент халықаралық пәндік олимпиадаларда ел намысын қорғап, жоғары нәтижеге қол жеткізген дарынды оқушылармен жүздесіп, олардың еңбегі мен табысын жоғары бағалады. Мемлекет басшысы білім мен ғылым жолында биік белестерді бағындыруда табандылық пен ынтаның маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

3


Марапат иелерінің қатарында жуырда халықаралық география олимпиадасында (IGeO-2025) алтын медаль жеңіп алған Андрей Енбахтов та болды. Оның еңбексүйгіштігі, табандылығы мен мақсатқа ұмтылысы осы мәртебелі марапатқа жеткізді. Бұл жетістік – оның білімге деген адалдығының, ұстаздарының біліктілігінің және ата-анасының зор қолдауының нәтижесі.
Бұл маңызды кездесу – еліміздің жас зияткерлерін қолдау мен ынталандыруға ерекше назар аударылатынын тағы бір мәрте айғақтады. Мұндай құрмет жас буынға жаңа жетістіктерге ұмтылуға, үлкен мақсаттар қоюға және өз күшіне сенуге қуатты серпін беретіні хақ.

Әсел ҚИБАШ,
Қостанай қаласындағы
НЗМ PR-маманы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.