2–7-сынып оқушыларына арналған «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар байқауының облыстық кезеңінде Ы.Алтынсарин атындағы гимназияның оқушысы Ершов Митрий жүлделі III орынды иеленді.
«Зерде» байқауы – жас зерттеушілердің ғылыми ойлау қабілетін дамытуға, ақпараттық технологиялар саласына қызығушылығын арттыруға және шығармашылық әлеуетін ашуға бағытталған беделді білім сайысы. Облыстық кезеңге өңірдің ең үздік жобалары іріктеліп, жұмыстар қазылар алқасы тарапынан жан-жақты сарапталды.
Ершов Митрий байқауға «ИИ чат-бот» тақырыбындағы зерттеу жобасын ұсынып, жасанды интеллект технологияларының мүмкіндіктерін, қолданылу аясын және білім беру үдерісіндегі маңызын жан-жақты талдады. Жоба мазмұнының өзектілігі, практикалық бағыттылығы және қорғау кезіндегі сенімді тұсаукесері қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.
Оқушы жұмысын қорғау барысында теориялық білімін тәжірибемен ұштастыра алатынын, логикалық ойлау және бағдарламалау дағдыларының қалыптасқанын көрсете білді. Аталмыш ғылыми жоба оқушының информатика пәніне деген тұрақты қызығушылығы мен болашақта IT саласын меңгеруге деген талпынысын айқындады.
Жетекшісі ретінде көрсеткен жүйелі бағыт-бағдар мен қолдау оқушымның ғылыми-зерттеу жұмысты сапалы деңгейде орындауға мүмкіндік берді. Бұл жетістік – жастардың заманауи технологияларды меңгеруге деген қызығушылығының артып келе жатқанын көрсетеді. Жас зерттеушіге алдағы уақытта да жаңа табыстар мен биік белестер тілейміз.
Жансая СЕКСЕМБАЕВА,
Ы.Алтынсарин атындағы
гимназияның информатика пәнінің мұғалімі,
Арқалық қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.