Жастардың болашаққа қоспақ үлесі

Выпуск - №12(560)   :   03.04.2023
542

Жастар арасында ғаламдық мәселелер тақырыбын кеңінен тарату мақсатында 2020 жылы бастау алған БҰҰ (Біріккен Ұлттар Ұйымы) аясындағы YAMUN (Ybyrai Altynsarin Model United Nations) жобасы биыл да жалғасын тапты.

Баршамызға белгілі, Біріккен Ұлттар Ұйымы – 1945 жылы қазанның 24-інде жалпыға ортақ бейбітшілік пен әлеуметтік прогресс үшін біріккен тәуелсіз елдердің бірегей ұйымы. Ал біз әзірлеген БҰҰ Моделі – ғылыми конференция мен рөлдік ойынның синтезі. Ойын барысында қатысушылар дипломатиялық, көшбасшылық, шешендік, тілдік дағдылар мен қабілеттерге ие бола отырып, ұйым органдарының жұмысын жаңғыртады. Осымен үшінші мәрте 9-11(12) сынып оқушыларына арнап өткізіліп отырған конференция бұл жолы мамандандырылған мектептермен шектеліп қана қоймай, облыстық деңгейге шығып отыр. Өңірді толықтай қамтуды мақсат еткен ұйымдастырушылар іс-шараның үштілділігімен ерекшеленіп, конференцияның арнайы рәміздері де қарастырылды.

Ойын 3 кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде делегаттар өтініш беру барысында комитет төрағалары алдын ала хабарлаған «позициялық құжатты» таныстырды. Позициялық құжат (position paper) – берілген тақырып төңірегінде өзекті мәселелері бар; жетекші немесе артта қалушы елдің көзқарасы мен қазіргі уақыттағы хал-ахуалын пайымдайтын маңызды құжат. Конференция жұмысы жеке және топтық түрде жүзеге асырылды. Ойынның екінші кезеңінде делегаттар мәселені әртарапты талқылау үшін жұптық жұмыс істеді. Бір-біріне қарама-қайшы топтасқан мемлекеттер ортақ шешімге келу үшін барын салды. Қорытынды кезеңде қатысушылар бірлесе отырып, Қарар (Резолюция) құжатын жазбаша түрде толтырды.

«Ұстаз талантты болса, шәкірті талапты болады» демекші, жоба бастау алғалы жетекшілік етіп келе жатқан ұстазымыз Гүлбану Абикенова мен 2023 жылғы Бас хатшы 11-сынып оқушысы Жания Еркебұланқызы бастаған ұйымдастырушылар конференцияның кедергісіз өтуі үшін ойынның әр кезеңін жетік түрде ойластырды. Конференция барысында 8 комитет жұмыс істеді. Экономикалық және әлеуметтік кеңес комитеті екі тақырыпты қарастырды. Бірі: «Дамыған, дамушы, артта қалған елдер арасындағы алшақтық» болса, екіншісі: «Кедейлік мәселесі». Орыс тіліндегі Комиссия по положению женщин «Репродуктивные права женщин» тақырыбын қарастырса, Совет по правам человека «Делинквентное поведение подростков в современном обществе: факторы и социальный контроль» тақырыбына назар салды. Комитет по социальным, гуманитарным и культурным вопросам «Социальное неравенство» тақырыбында ой қозғады.

Келесі үш комитет ағылшын тілінде жұмыс істеді. Олар: The United Nations Environment Programme (UNEP) (Topic: «The problem of human-wildlife conflicts and nature's integrity»); The Social, Humanitarian, and Cultural Committee (SOCHUM) (Topic: «Increase literacy and improve education in economically lagging countries»); Disarmament and International Security (DISEC) (Topic: «Human rights and the fight against terrorism»). Осылайша ғаламдық мәселелерге назар аударған конференцияға Қостанай, Рудный, Арқалық қалалары мен облысымыздың өзге де өңірлерінен 100-ге жуық оқушы қатысты. Іс-шара аясында жеңімпаздар да анықталып, үш номинация бойынша марапатталды.

«Best position paper» аталымында – Қуаныш Жолдыбаев (UNEP), Зарина Мұхамеджанова (SOCHUM), Нұрбол Әшімхан (DISEC), Алина Тілеуова мен Бақнұр Жаркенов (Экономикалық және әлеуметтік кеңес), Дана Бейсенова (Комиссия по положению женщин), Назым Ахметова (Совет по правам человека) және Гүлдана Асылбек (Комитет по социальным, гуманитарным и культурным вопросам) марапатталды. Келесі «Outstanding delegate» аталымында – Әйгерім Алпамысова (UNEP), Динара Айғабылова (SOCHUM), Мәриям Сәуақас (DISEC), Сайын Мұратбеков пен Аяжан Ақбар (Экономикалық және әлеуметтік кеңес), Аделя Газезова (Комиссия по положению женщин), Дмитрий Нотин (Совет по правам человека) және Санжар Зұлқарнай (Комитет по социальным, гуманитарным и культурным вопросам) марапатталды. Ал «Best delegate» аталымында – Әмір Керібаев (UNEP), Дария Кабдулина (SOCHUM), Дария Шунушева (DISEC), Айкүміс Сабитбекова мен Тоғжан Жүргенова (Экономикалық және әлеуметтік кеңес), Адина Әбіш (Комиссия по положению женщин), Даур Доспулов (Совет по правам человека), сондай-ақ Данил Кравченко (Комитет по социальным, гуманитарным и культурным вопросам) марапатталды.

Ең үздіктер диплом мен арнайы сыйлықтарға ие болды. «Қостанай дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығына»; ойыншыларға 15%, 20% және 30% жеңілдік пен бағалы сыйлықтарын табыс еткен «Достық» білім беру орталығына көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін алғыс білдіреміз. Оған қоса мектебімізде бұл жобаның пайда болуына үлесін қосқан түлегіміз, 2020 жылдың Бас хатшысы Ауезхан Нұрымның ұйымдастыру кезінде берген кеңестеріне рақмет айтамыз. Қатысушылар конференциядан таптырмас тәжірибе, бағалы сабақ алды деген үміттеміз. YAMUN конференциясы – Ыбырай Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты жастарының болашаққа қоспақ үлесі.


Аяжан ГАППАРОВА,
Ы.Алтынсарин атындағы
мамандандырылған мектеп-
гимназия-интернатының
11-сынып оқушысы,
Қостанай қаласы

Реклама

Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.