Жазғы демалыс босқа өтпейді

Выпуск - №24(621)   :   20.06.2024
319

1

Оқу жылы аяқталысымен мектеп оқушылары жазғы лагерьлерге, демалыс орындарына баруға асығады. Онда ұйымдастырылған әрбір іс-шара жайраңдаған жаздың қуаныш пен шаттыққа толы ұмытылмас естеліктерін сыйлайтыны анық.

Жаз басталысымен, біздің Мемлекеттік тілде оқытатын Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ЖББ мектебінде жылдағыдай «Гүлзар-Бағбан» мектепалды көгалдандыру үйірмесі жүйелі жұмысын бастап кетті. Үйірме жаз кезінде мектеп оқушыларының іспен айналысуын қамтамасыз етіп, денсаулығын нығайтуға да өзіндік үлес қосуды көздейді. Көгалдандыру жұмысы, біріншіден, мектеп ауласында эстетикалық және экологиялық тұрғыда тартымды кеңістік құруға үлес қосса, екіншіден, жастарды еңбекқорлыққа, білім ордасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуге және табиғатқа ұқыпты қарауға септігін тигізеді. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, саламатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру және практикалық-бағдарлы оқыту қағидатын жүзеге асыру мақсатында осылайша жасыл желектер мен гүлдер есебінен мектеп аумағындағы экологиялық жағдайды жақсарту жұмыстарының маңызы зор.

2


«Гүлзар-Бағбан» мектепалды көгалдандыру жұмысын биылғы оқу жылындағы кезеңін 9-сыныптар бастады, оқушылар өте белсенді қатысқанын ерекше атап өту керек. Мектепалды көгалдандыру жұмыстарын жүргізу барысында ата-аналардың қолдауы маңызды. Алдын ала бекітілген жоспарға сай балаларымен бірге түрлі жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар, мектеп психологтары білім алушылармен психологиялық тренингтер ұйымдастырды. Оқушылармен мектеп ауласында ғана жұмыс жасап қоймай, олармен түрлі қызықты ойындар ойнатылды. Шахмат, шашки, қол тіресу, «Әуенді тап», «Жасырын суретті тап» сияқты танымдық ойындар ойналды. Оқушылар таза ауа аясында әдеби кітаптар оқып, түрлі сұрақтарға жауап та берді.
«Гүлзар-Бағбан» мектепалды көгалдандыру жұмысын ұйымдастыруда аталған сыныптың сынып жетекшілері Саматова Гаухар Қазымбекқызы, Бегайдарова Жібек Серікбайқызы, Елдос Жанар Есімқызының да еңбектері мол екені айтпаса да белгілі шығар. Жаз айлары – оқушылар үшін ерекше ықыласпен күтетін уақыт. Жыл бойы сабақтан толық демалып, арқаларын кеңге салып, асыр-салып ойнап, өздерін физиологиялық, сана-сезімдік және дүниетанымдық тұрғыда дамытатын уақыт десем, артық айтқаным емес. Балалардың жүрегіне ізгілік пен қуаныш сыйлай ашылған жазғы сауықтыру алаңы мен «Гүлзар-Бағбан» мектепалды көгалдандыру жұмысының оқушыларымыздың бос уақыттарын мағыналы өткізуіне тигізер пайдасы сөзсіз.

Қаламқас ДУЛЫБАЕВА,
Мемлекеттік тілде оқытатын
А.Байтұрсынұлы атындағы
ЖББМ математика пәнінің мұғалімі,
Қостанай ауданы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.