Арқалық қаласындағы Абай Құнанбаев атындағы мектеп-гимназияда «Денсаулық күні-2025» қарсаңында мектеп оқушылары арасында жеңіл атлетика жарысы өтті. Жарысқа 5-6, 7-8 және 9–11-сыныптардан барлығы 100 оқушы қатысты.
Нәтижесінде шеберліктерімен ерекшеленген оқушылар жүлделі орындарға ие болды. Атап өтер болсақ, 5–6-сыныптың қыздары арасында І орынды Алтыншоқ Бауыржан жеңіп алса, ІІ орынға Аружан Русланқызы, ІІІ орынға Калима Сапарғали, IV орынға Айда Бақытбекқызы ие болды. Ал ұлдары арасында жүлделі І орынды Мадияр Нұрлан иеленсе, ІІ тұғырға Нұрдәулет Болат, ІІІ тұғырға Нұрислам Аяпберген, IV тұғырға Данияр Қаби тұрақтады.
Келесі 7–8-сыныптың қыздары арасында І орынға Шарафат Оразбекова ие болса, ІІ орынды Жайдары Қайрат, ІІІ орынды Аяулым Өмірбай, IV орынды Айару Дәулеткерей еншіледі. Ал ұлдары арасында І орынды Ислам Нұрсейіт қанжығаласа, ІІ орынға Арман Мұқыш, ІІІ орынға Әбілмансұр Сағындық, IV орынға Нұрсұлтан Айтжан лайық деп танылды.
Сондай-ақ 9–11-сыныптың қыздары арасында І орынды Айханым Едірес иеленсе, ІІ орын Даяна Дарханқызына бұйырды. Ал ұлдары арасында І орынды Айбатыр Кішкентай, ІІ орынды Димаш Ондасын, ІІІ орынды Әділет Серік қанжығасына байлады. Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен және медальдармен марапатталды. Ал үздік нәтиже көрсеткен спортшылар қалалық мектеп оқушылары арасындағы жеңіл атлетика жарысына жолдама алды.
Наурыз ОРАЗБАЕВ,
Мақсұтбек МАНЕТОВ,
Болат АРҒЫНБЕКОВ,
А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназияның
дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері,
Арқалық қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.