«Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен, 8-10 сынып оқушылар арасындағы ғылыми жоба байқауының облыстық кезеңінде Амангелді ЖББ мектебінің 11-сынып оқушысы Карина Жолдыбек 1-орынды иеленіп, республикаға жолдама алды.

Жас ұрпақты туған жерді қадірлеуге тәрбиелеуде ғылыми жоба байқауларының маңызы зор. «Батпаққара тумасы, һас өнердің тұлғасы – Айтбай Мұздаханов» тақырыбындағы ғылыми жобаны қорғап, облыста үздік танылған шәкіртіміз Карина Сүндетқызының осындай үлкен жетістікке қол жеткізуі – әрине, жетекші ұстазымен жүргізілген үлкен еңбектің арқасы. Осы тұста, «Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің бақытын аялау», – деп Мұхтар Әуезов айтқандай, уақытпен санаспай, жастардың кемел келешегі үшін жұмыс істеп жүрген талантты ұстаздарымыздың бірі – музыка пәнінің мұғалімі Айткүл Ержігітованың еңбегін ерекше атап өткім келеді.
Шәкірттерін өнер додаларына дайындап, көптеген облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі сайыстардан өзі де, шәкірттері де жүлдегер атанып, үлкен жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Мектебіміздің ғана емес, ауданымыздың абыройын асқақтатып, талай жарыстарда намысты қолдан бермей жеңіспен оралып, ата-аналардың, ұжымның мақтанышына айналуда. Соның куәсі ретінде, жоғарыда айтқандай, оқушымыз Каринаның осындай облыстық ғылыми жоба байқауында үлкен жетістікке жетіп, республикаға жолдама алуына себепкер болған Айткүл Сабырқызының еңбегі зор.
Үстіміздегі оқу жылында, айта кету керек, 2-7 сыныптар бойынша «Зерде», 8-11 сыныптар бойынша «Дарын» ғылыми жобалар байқауында мектебіміз бойынша жалпы 3 оқушы облыстық жобадан жүлделі 1-орынды иеленіп, республикалық кезеңге жолдама алып отыр. Оларға жеке-жеке тоқталып өтер болсақ: Арғынғазы Аяулым Ғабиденқызы, Дауитбаева Аруна Бекзадақызы, Жолдыбек Карина Сүндетқызы. Білімі мен ізденушілік қабілетімен көпке үлгі әрі танымдық қабілеті жоғары оқушылар – ұстаздарының ғана емес, ауданымыздың мақтанышы. Сөз орайы келгенде, есімдері аталған оқушыларымыздың жетекшілері – Ауезбекова Қарлығаш Ибинияқызы, Уатқанова Бақыткүл Жұмабекқызы, Ержігітова Айткүл Сабырқызының еңбектеріне ұжым атынан ерекше алғысымызды білдіреміз.
Осылайша оқушыларды ғылыми еңбекке, ізденіске, шығармашылыққа үйретіп жүрген мектеп ұстаздарына әлі талай болатын ғылыми жоба байқауларында шығармашылық шабыт пен үлкен ізденіс, талантты ұстаздарымыз бен шәкірттерінің жемісті еңбектеріне толағай табыстар тілейміз. Мектебіміздің оқушылары биіктерден көрініп, білім ордасының ғана емес, ауданымыздың да мәртебесін арттыра беруіне тілектеспіз. Ұстаз еңбегі шәкірт шығармашылығымен еселене берсін! Әрдайым толағай табыстарға қол жеткізе беріңіздер дейміз. Жарайсыздар, жас ғалымдар!
Камшат АБДИКОВА,
Амангелді ЖББ мектебінің
ғылыми-әдістемелік
жұмыстар жөніндегі
орынбасары
Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.