Мектеп өмірінің әр күні жаңалыққа толы. Заманның талабына сай оқушылар мен ұстаздар әрқашан жаңалық жаршысы болып, алда жүретіні белгілі. Жыл аяқталуға жақын қалғандықтан, Обаған орта мектебінің мақтан тұртар шәкірттерін атап өтуді жөн көрдім.

Әбіш оқуларында жүлделі орынға ие болған оқушылар
Мектеп оқушылары да өмір ағымына ілесе отырып, күн сайын сан алуан байқауларға, сайыстарға қатысады. Шығармашылық, зияткерлік қабілеттерін шыңдап, білімдерін сынап отырады. Көп оқушының болашақта таңдаған өмір жолы мектеп қабырғасынан, мектептегі сайыстар мен білім жарыстарынан басталатыны сөзсіз. Біздің мектепте де білімі мен белсенділігінің арқасында көзге түсіп, әрқашан алда жүретін оқушылар бар.
Сымбат Мырзаш – шығармашыл оқушы. Жылда «Абай оқуларына», облыстық сайыстарға қатысып, жүлделі орындардан көрініп жүреді. Ботагөз Байкенова – зияткерлік қабілетімен ерекше. Ол облыстық ғылыми жұмыстарға, «Айқанат» республикалық олимпиадасына қатысуда. Оқушыларымыз Әсем Тұрсынғалей мен Дильназ Мырзаш әншілік қабілетін облыстық сайыстарда бағын сынап жүр. Одан бөлек эссе жазу шеберлері – Махаббат Матжанова, Гаухар Кайдарова, Гүлзада Мурзагуловны да айтпай кету мүмкін емес.
Аталған оқушылармен қатар өткен жылы «Әбіш оқуларына» қатысып, ерекше көзге түскен оқушыларға тоқталғым келеді. Аудандық сайысқа қатысатын оқушыларға: «Мен сіздерге сенемін. Жеңіспен оралыңыздар!», – деген тілек айтқан болатынмын. Аталмыш аудандық оқуларға қатысқан төрт оқушы да – Жансая Кусанова, Айзада Наурзбаева, Зере Тұрсынғалей және Санжар Наурзбаев жүлделі орынды иеленді. Сонда Айзада: «Апай, сеніміңізді ақтадық!», – деп ұялы телефоннан хабарлама жіберіп, қазір сіздерге ұсынып отырған суретті жолдаған болатын. Сайыста Жансая шығармашылық жұмысынан 1-орынды иеленсе, Айзада жазушының поэзиясы мен прозасын мәнерлеп оқудан 2-орынды иеленіп, облыстық сайыста жүлделі 3-орынға ие болды.
Осы тұста айтқым келген маңызды дүние: әрқашан оқушыға сене білу керек. Сенім артқан оқушы сенімді ақтай білуге ұмтылып, нәтижелі іске деген құштарлығы да арта түседі. Абай атамыздың: «Өзіңе сен өзіңді алып шығар, еңбегің мен ақылың екі жақтап» деген нақыл сөзі, ақыл, білім, қайратпен қатар өзіңе деген сенім әрқашан оқушының бойында болуы керек екендігін дәлелдейді.
Қазір білім мен сенімнің ғасыры. Халық даналығындағы «Ерліктің шарты – өзіңе сенгендік» деген сөз соның айғағы. «Жеңіске сенген кезде сен жеңесің, өйткені жеңіс саған сенеді», – деген екен бразилиялық ақын, жазушы Пауло Коэльо. Әр тұлғаның жеке қабілетін дамытумен қатар оқушы мен мұғалім арасында сенім болған кезде нәтиженің де болары хақ. Ұстаз бойында оқушыға деген сенім, оқушы бойында өзіне деген сенім қатар болған кезде ойлаған мақсатқа қол жетеді деп ойлаймын.
Гүлбаршын ТУРЕГЕЛЬДИНА,
Обаған ОМ қазақ тілі мен
әдебиеті пәнінің мұғалімі,
Ұзынкөл ауданы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.