Жетістіктің кілті – еңбек пен білімде

Выпуск - №11-12(508-509)   :   17.03.2022
631

Дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатында оқу ордасының бүгінгі тыныс-тіршілігі мен жетістіктері баяндалып, болашаққа деген жоспарларына басымдық берілген баспасөз конференциясын ұйымдастырды.

Жиынға «Қостанай Дарыны» ҰҒПО директорының орынбасары Наталья Рябина, «Білім-Инновация» лицей-интернатының директоры Бақтияр Омаров, «Qostanay Alumni» түлектер қауымдастығының өкілі Қанат Ибраев, білім ордасының белсенді оқушылары, республикалық деңгейде білім ордасының абыройын қорғап жүрген олимпиадашылар Арсений Самойленко (физика пәнінен) мен Нұрлан Базылтай (биология пәнінен), математика пәнінен халықаралық деңгейдегі додаларда мерейі үстем болған олимпиадашы Жан Даутовтың жетекшісі Дарын Сейдуәлі және лицейдің 11-сынып оқушысы Данат Тұрсынов қатысты.


Алғашқылардың бірі болып сөз алған Наталья Михаиловна жас дарындардың жеткен жетістіктеріне тоқталып, бұл жолда әрине жетекшілердің рөлі, олардың талапшылдығы мен жүйелі жұмысының қаншалықты маңызға ие екендігін атап өтті. Ал «Жетістіктің кілті неде?» деген сұраққа жастардың бере жауабы да бөлек. Арсений жетістікке жету үшін тұрақты әрі жиі дайындық жүргізіп, өзін-өзі дамытып отырудың маңызды екендігін айтса, Нұрланның пікірінше, бұған бірден-бір себеп – білім ордасының жалпы атмосферасы. «Бұның өзі адамды алға жетелеп, өздігіңнен ізденіп, жаңаны тануға деген құлшынысыңды аттырады. Жаныңда биікке ұмтылуға талпынысы мол жандарды көргенде, еш себепсіз өзіңнің де ынтаң арта түспек», – дейді ол.


Олимпиадалар баланың білім деңгейінің жоғары болуымен қатар психологиялық дайындығын да талап етеді. Бұл аспектті де ескерусіз қалдыруға болмас. Лицейдің директоры Бақтияр Шайманұлының айтуынша, жастармен психологиялық жұмыс та тиімді жолға қойылған. Оқушылардың өзіне деген сенімділігін арттырып, жетістікке бағыттауда аталған жұмыстардың ықпалы жоқ емес. Атап өткен жөн, білім ордасының психологы Санжан Перзентбаева биыл 50-ден астам педагог-психологтар бақ сынаған республикалық «Үздік жыл психологы» байқауының II дәрежелі дипломының иегері атанған.


Расымен де, жастардың сапалы білім алып қана қоймай, түрлі деңгейдегі байқауларда бақ сынап, болашағының іргетасын берік қалауға септігін тигізген білім ордасына түлектердің айтар алғысы шексіз. АҚШ-тың 35-інші президенті Джон Кеннедидің: «Еліңіз сіз үшін не істей алатындығын сұрамаңыз. Ол үшін не істей алатыныңызды өзіңізден сұраңыз», – деген қанатты сөзге айналған ойын негізге ала отырып, еліміздің түкпір-түкпірінде табысты жұмыс істеп жүрген лицей түлектері 2016 жылдан бері қара шаңыраққа қолдау көрсету мақсатында «Qostanay Alumni» түлектер қауымдастығын құрған. Олардың көздегені: дарынды балаларға қолдау көрсету, лицей жұмысын ілгерілету мақсатында қосымша қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету.


– Еліміздің жалпы ішкі өнімінен (ЖІӨ) білім беруге арналған мемлекеттік бюджет шығыстарының үлесі салыстырмалы түрде үлкен емес. 2019 жылы – 3,62%. Ал Финляндия, Корея сынды елдерде бұл көрсеткіш 20% құрайды. Мысалы, НЗМ-де бір балаға жылына бөлінетін қаражат мөлшері – 3 млн теңге екен. Бұның ішінде инфрақұрылым, парта, оқулықтар, тамағы, баспанасы қамтылған. Ал ауыл мектептерінде бұл көрсеткіш тіптен төмен: бір оқушыға кемінде 40 мың теңге бөлінеді. Сондықтан білім саласын қолдау ісіне өзіміз де жұмылып ат салысуымыз керек деп шештік, – дейді Қанат Ибраев.

Іс-шара шеңберінде білім ордасының басшысы тағы бір жаңалығымен бөлісті. Лицейдің биылғы түлегі Данат Тұрсынов әлемнің ТОП-100 жоғары оқу орындарының тізіміне кіретін City University of Hong Kong оқу орнында екі мамандық бойынша шақыртуға ие болды. Ол үшін өзінің болашаққа деген жоспарлары мен өмірлік ұстанымы жазылған уәждемелік хат, ұсынымдық хат және ILDS нәтижесін ұсынған. Енді төрт жылдағы білімі 46 млн теңгеге бағаланатын беделді жоғары оқу орнында тегін білім алу мүмкіндігін алып отыр. Данаттың айтуынша, бұл жолда алтыншы сыныптан бері лицейде ағылшын тілінде алған білімі үлкен септігін тигізген.

Бүгінгіні саралап, болашаққа бағдар жасаған басқосу аясында лицейге қабылдау ережелері мен талаптары айтылып, білім ордасын заманауи үлгіде жарақтандыруға қатысты «Qostanay Alumni» түлектер қауымдастығының арнайы тапсырыспен дайындаған жобасы таныстырылды. Жоспарлар аз емес. Ал лицей ұжымы талапты да талантты жастарымен болашаққа сеніммен қарайды.


Жамал ШАУКЕН

ГЛАВНЫЕ НОВОСТИ

Путь, заданный великим учителем

Вчера в 14:44

Патриотическое воспитание

Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия

Вчера в 14:40

Профессиональное содружество

Эффективное взаимодействие педагогов и родителей

Вчера в 14:36

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

История первого детского сада Лисаковска

Вчера в 14:33

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

Актуально

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.