Учительская плюс

Областная еженедельная общественная информационно-образовательная газета
Календарь
25/10/26 Воскресенье

«Жігіт сұлтаны» атануға лайық

Выпуск - №17 (413)   :   26.04.2020
350

«Жігітке жеті өнер де аз» ұранымен Рудный қаласындағы №18 орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті апталығы аясында мектеп оқушылары арсында алғаш рет «Жігіт сұлтаны» сайысы ұйымдастырылды.

Іс-шара «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының аясында өткізілген-тін. Сыры мен сымбаты, бойы мен ойы келіскен, «сегіз қырлы, бір сырлы», сайдың тасындай 5 жігіт 5 кезең бойынша сынға түсті. Сайыстың көркін қыздырып, көрермендердің көңілінен шығу үшін 8-11 сыныптың серірлері бар өнерлерін ортаға салып, түрлі сынақтардан өтті. Үміткерлер байқау талаптарына сай әр қырынан ерекшеленді.

Дүбірлі доданың шымылдығын ашқан мектебімізге ғана емес, қаламызға да әйгілі «Жемчужина» халықтық хореографиялық би ансамблінің ұлттық биі шараның көрігін қыздырды. Сайыстың алғашқы кезеңінде қатысушылар қара сөзбен емес, қазақтың қара өлеңімен қолдап келіп отырған көрермендер мен әділ қазылар алқасына өздерін таныстырды. Алдағы кезеңдерде де жігіттер өз өнерлерін ортаға салудан аянып қалмады. «Жігітке жеті өнер де аз» демекші, әр қатысушы өнер сайысында жиналған қауымды тәнті етті. Өнерпаздар түрлі жанрда би билеп, жан-жақтылықтарын көрсете отырып, зор қошеметке ие болды. 

Ал бір мезетте күйтабақта күй ойнап әрі әділ қазы мүшелерінің портретін салып үлгерген Владислав Додров жиналған қауымның зор ықыласына бөленіп, жоғары ұпайға ие болды. Ұлттық салт-дәстүр мен құндылықтарды насихаттау, жаңғырту және оны дәріптеу мақсатында өткізілген іс-шараның 3-кезеңінде өнерпаз жігіттер сұрақтарға жауап бере отырып, өздерінің жан-жақтылығымен қоса білімді ұландар екендігін айғақтай түсті. Ақтық сайыста саңлақтар білек күшімен сынасты. Арнайы дайындалған спорттық жарыстар барысында жігіттердің спорттық дайындығына шек келтірмедік.

Сонымен әділ қазылар алқасының мүшелері тартысты жарысты қорытындылап, 11-сынып оқушысы Сабыржан Ураловты «Жігіт сұлтаны» атағына лайық деп таныды. Ал II орынды 9-сынып оқушысы Диас Кравченко иеленсе, III орынды Владислав Додров қанжығасына байлады. Көрермен көзаймы ретінде сайыстың ең жас қатысушылары Кирилл Афонин мен Асланбек танылды. «Жүйрік жүлдесіз қалмайды» демекші, барлық қатысушылар ұйымдастырушылар атынан бағалы сыйлықтармен марапатталды. Барлық жиналған қауымның зор қошеметіне ие болып, өскелең ұрпаққа берері мол дүбірлі дода алдағы уақытта да жалғасын табады деп сенеміз.


Мәншүк ТУЛЕПБЕРГЕНОВА,
№18 ОМ қазақ тілі мен
әдебиеті пәнінің мұғалімі,
Рудный қаласы

ГЛАВНЫЕ НОВОСТИ

Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар

2 дня назад в 13:48

Мәдениет

Путь, заданный великим учителем

3 дня назад в 14:44

Патриотическое воспитание

Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия

3 дня назад в 14:40

Профессиональное содружество

Эффективное взаимодействие педагогов и родителей

3 дня назад в 14:36

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

История первого детского сада Лисаковска

3 дня назад в 14:33

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

Актуально

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.