Заман ағымы жаңа бағытқа өзгерген сайын сұраныс та артып, «Үштұғырлы тіл» мемлекеттік бағдарламасы мықтап қолға алынды. Оны дамытуға Естай Есжанов атындағы №9 орта мектеп те ат салысып келеді.
Осыдан 14 жыл бұрын білім алушыларға есігін айқара ашқан мектебімізге 2015 жылдың тамыз айында Ұлы Отан соғысының батыры, жерлесіміз Естай Есжановтың есімі берілді. Жоғалғаны табылып, өшкені қайта жанғандай қуанышқа бөленген ата-аналар жылы лебіздерін білдіріп, жаңа орда күмбірлі қонырау үні мен өнерпаздар әуеніне, жас ұрпақтың шат-шадыман күлкісіне толды. Бүгінде мектеп ұжымы жаңа бастамаларды зор ықыласпен қабылдап, оқушылардың заман сұранысына сай жан-жақты білім алуына барынша жағдай жасауда. Соның бірі – «Үштұғырлы тіл» мемлекеттік бағдарламасы.
Мектебіміздің оқушылары бірте-бірде үш тілді меңгеріп келеді. Жоспар бойынша кезең-кезеңімен жүргізіліп жатқан жұмыстардың арқасында бүгінде ағылшын тілі пәнінен оқушылардың білім көрсеткіші 60 пайыздан жоғары. Мектепте барлығы 209 оқушы білім алуда. Оның 26-сы – оқу озаты, ал 66-сы – оқу екпінділері екенін айта кеткен ләзім. Үш тілді үйрену бағытында бірлескен сабақтар, арнайы сынып сағаттары мен әдістемелік жұмыстар жүргізіліп тұрады. Сондай-ақ, биыл үштілділік элементтерін қолдану арқылы 6-сынып оқушыларына арналған «Мен сізге ағылшынша жазамын» әдістемелік кешенін жасап шығардым. Үш тілді үйретуге бағытталған арнайы драмалық үйірмелер де жұмыс істейді.
Оқушыларымыз түрлі деңгейдегі пәндік олимпиадаларға қатысып, жүлдегерлер қатарынан көрініп жүр. Мәселен, биылғы оқу жылында 7-сынып оқушысы Диана Түбекбай мен 8-сынып оқушысы Раушан Хазез қазақ және ағылшын тілдерінен өткен республикалық интернет олимпиадасына қатысып, 3-орынға ие болды. «Көп тіл білген – көпті ілер», – деген сөздің жаны бар. Қазірден оған барынша үлес қоссақ, келешекте жемісін көреріміз хақ.
Қымбат ҚОЖАХМЕТОВА,
Е.Есжанов атындағы №9 ОМ
ағылшын тілі пәнінің мұғалімі,
Жітіқара қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.