Жол ережесін сақтау – қауіпсіздік кепілі

Выпуск - №38 (586)   :   16.10.2023
2383

Балаларға қатысты жол-көлік жарақатының алдын алу – қашан да өзекті мәселелердің бірі. Себебі, балалар мен жасөспірімдердің жарақат алуына, тіпті, мезгілсіз өмірден өтуіне әкелетін жол-көлік оқиғаларының саны, өкінішке қарай, азаймай отыр.

Балалардың жол-көлік оқиғаларынан жарақаттануы, көбінесе, олардың психофизиологиялық дамуының жетілмегендігі сияқты ерекшеліктеріне, жағдайды дұрыс бағалай алмауына, шартты рефлекстердің тез қалыптасуы және олардың тез жойылуы, сақтықтан басым болатын қозғалыс қажеттілігі, ересектерге еліктеуге ұмтылу сияқты себептерге және жақындап келе жатқан көлікке реакцияның ерекшелігі және басқа да аспектілерге байланысты болып келеді.

Қостанай облысындағы жалпы орта білім беретін білім беру ұйымдарында балалардың жол-көлік жарақатының алдын алуға бағытталған іс-шаралар жүргізілуде. Осы тұста айта кеткен жөн, барлық білім беру ұйымдарында жол қозғалысының жас инспекторлары жасағы жұмыс істейді. Оқу жылының басталуына дейін педагогикалық ұжыммен сыныптан тыс жұмыстарды өткізу нысандары мен әдістері бойынша әдістемелік-нұсқаулық сабақ өткізіліп, ҚР жол қозғалысы ережелерінің негізгі тарауларымен таныстырылады. Мектебімізде жол қозғалысы ережелерін оқытуға арналған кабинет, жол қауіпсіздігі бойынша жалпы мектеп бұрышы, сыныптардағы жол қозғалысы ережелері бойынша сынып бұрыштары рәсімделген.

Жыл сайын жаңа оқу жылының басында мектебімізде балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу және оқушылардың көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріс-тұрысының ережелерін зерделеу бойынша оқу жылының жұмыс жоспары жасалады. Жоспарға сәйкес практикалық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізіледі. Күн сайын соңғы сабақ уақытында бастауыш сыныптарда (сынып жетекшілері), орта және жоғары буындарда (соңғы сабақты жүргізетін пән мұғалімдері) жолда және көшеде қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін сақтау туралы еске салу әңгімелері ретінде «қауіпсіздік минуттарын» өткізеді.

Балалардың жол қозғалысы ережесін бұзған әрбір оқиғасы жалпы мектепішілік жиналыстар мен сынып сағаттарында талқыланады. Сондай-ақ педагогикалық кеңестерде, директормен және ӘБ жиналыстарында балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу бойынша жүргізілетін мектептен тыс жұмыстар бойынша мектеп инспекторы мен сынып жетекшілерінің жұмысы тыңдалады. Жыл сайын (әр оқу жылына екі рет) ата-аналар жиналысында балалардың жол-көлік оқиғалары салдарынан жарақаттануының жай-күйі, жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жол қозғалысына қатысушылардың жауапкершілігі және отбасының балалардың бойында көшелер мен жолдардағы қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын тәрбиелеудің маңызы мен рөлі туралы сұрақтар талқыланады.

Ал 5-9 сынып оқушылары үшін алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша практикалық сабақ қолайлы. Осындай пайдалы сабақ аясында балалар негізгі ақпараттарды меңгере алады, бұл олардың өмірінде артық болмас хақ. Осылайша мектебімізде балаларға қатысты жол-көлік апаттарының алдын алу бойынша жұмыстар дұрыс жолға қойылған. Біздің №10 ЖББ мектебі мен Ғ.Қайырбеков атындағы №9 ЖББ мектебінің оқушылары да бірнеше жыл қатарынан қалалық жолда жүру ережелерін білу бойынша олимпиадаларда, әр жылы өтетін «Жолда жүру ережелері бойынша слётте» жүлделі орындарды иеленіп жүр. Сонымен қатар, «Жолда жүру ережелері бойынша ең үздік қоғамдық инспектор», «Жолда жүру ережелері бойынша үздік оқу кабинеті» номинацияларында жүлделі орындарды иеленіп, тәжірибелерімен бөлісуде.

2022-2023 оқу жылында №10 ЖББ мектебінің базасында облыстық слёт өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Өздеріңіз көріп отырғандай, мектепте оқушыларға жол қозғалысы ережелерінің маңызын жеткізудің көптеген жолдары бар: ойын, викторина, сынып сағаттары, көрме, серуен, презентациялар. Ең бастысы, мұғалімнің сауатты көзқарасы, басшылықтың қолдауы және оқушылардың қызығушылығы. Ал содан кейін, мектептегі жол қозғалысы ережелері бойынша іс-шаралар жоспары сәтті орындалып, оқушылардың санасында жолдағы қауіпсіздік ережелері туралы білімдері мен дағдылары қалыптасады.


Зоя КОЙТБАЕВА,
№10 ЖББ мектебі
директорының тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары,
Молдир АХМЕТОВА,
Ғ.Қайырбеков атындағы
№9 ЖББ мектебі
директорының тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары,
Қостанай қаласы

Реклама

«У страны с сильной прессой – большое будущее», – сказал Мыржакып Дулатов. Действительно, роль СМИ на пути роста сильного общества велика. С каждым годом становится всё больше и больше грамотных читателей со своим видением и потребностями. И это радует. Издание «Учительская плюс», вестник сферы образования нашего региона, заряжает педагогов творческим вдохновением. На протяжении нескольких лет в этой газете публиковались мои статьи, написанные с целью популяризации имён и достижений талантливых учителей и студентов Рудненского социально-гуманитарного колледжа им. И.Алтынсарина. В последние годы я начала писать небольшие произведения. И именно «Учительская плюс» впервые представила мои рассказы. Для меня это издание занимает особое место. Верю, что и в дальнейшем газета «Учительская плюс» со сформированной читательской средой продолжит процесс духовной поддержки творческих и талантливых педагогов.

Нам есть, о чём рассказать и самое главное – есть, где это опубликовать. «Учительскую плюс» читает не только Тогузакская школа, но и школы района, области, и поэтому наш опыт, успехи становятся известны коллегам, руководству образования. И, конечно же, нам интересно, что творится в других школах: методические новинки, необычные мероприятия. Я выписываю газету и публикуюсь в ней очень давно, потому что это важно, нужно не только для меня, но и для всего нашего коллектива. Да и вообще, нам нравится ваша газета, нравится то, что вы публикуете всё то, что актуально для учителей.