Қостанай қаласындағы №3 мектеп-гимназия оқушылары кәсіпкер, меценат, осы білім ордасының түлегі Серікбай Бисекеевпен кездесті. Ол білім ордасына құны 1,6 млн теңге тұратын 8 робот-конструктор жиынтығын сыйға тартты.
Әдебиет пен өнердің, білім мен ғылымның өркендеуіне қайтарымсыз қаржылай көмек көрсетіп жүрген жандарды «меценат» деп атайды. Олардың қосқан үлесі болашақта ғалымның не бір өнер майталманының қалыптасуына да бастама болуы әбден мүмкін. Игілікті істі ұлықтаған шараға Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бахыт Есімова, облыстық білім басқармасының басшысы Зәуре Байменова қатысып, Серікбай Жолдабайұлымен бірге мектептегі робототехника үйірмесінің тыныс-тіршілігімен танысып қайтты.
– Серікбай Бисекеевтің кәсібінің бір бөлігі осы робот техникасын жасауға бағытталғанын айтып өткен жөн. Сапасы шетелде әлдеқайда қымбат бағаланатын робот-конструкторлармен бара-бар. Әрине, бірінші міндет – ұстаздарды оқыту. Егер ұстаздар осы қораптардағы білімді оқушыларға бере алмаса, ол соның ішінде қалып қоймақ, – дей келе, бұл бағытта ұйымдастырылатын түрлі семинарлар мен оқыту курстарының маңызы зор екенін жеткізді Бахыт Амангелдіқызы. Артынша акт залында өткен кездесуге биылғы бітіруші түлектермен тағылымды, мотивацияға толы кездесу өтіп, оқушылар мамандық таңдауға қатысты көкейіндегі сұрақтарына тұшымды жауаптарын алды.
Робототехника үйірмесі №3 мектеп-гимназияда 2015 жылдан бері жұмыс істейді. Оқушылар ұйымдастырылатын робо-жарыстарға қатысып қана қоймай, жүлделі орындарға ие болып жүр. Мәселен, бірталай облыстық жарыстаржфң жеңімпазы Астам Кударов робототехникамен 7 жыл көлемінде айналысып келеді. Енді, қазіргі 11-сынып оқушысы, болашағын осы бағытпен байланыстырып, амандық болса, Алматы қаласының ЖОО машина жасау факультеті бойынша түсуді жоспарлап отыр. Ал үйірме жетекшісі жаңа робот-конструкторлар үйірме қатыушыларына жаңа мүмкіндіктер ашатынына риза.
– Мектебімізге 8 «R:ED PRO» робот-конструктор жиынтығын сыйға тартып, оқытушыларымызға осы роботтармен оқыту өткізіп, сондай-ақ әдістемелік материалдарға кіру мүкіндігін бергені үшін Серікбай Бейсекеевке алғысымды білдіргім келеді. Бұған дейін бізде тек екі Lego роботтың жиынтығы болған еді. Міне, олардың қатары тағы да толықты. Енді робототехникамен көлемді түрде айналыса аламыз, – дейді Евгений Васильевич.
Облыста IT саласын дамыту бағытында ілкімді істер қолға алынуда. 2018 жылдан бастап «Озат» ақпараттық технологиялар мектеп-лицейі жұмыс істейді, облыстың 13 колледжінде 1200 болашақ IT-маман даярлануда. Ал меценаттардың көмегімен жалпы сомасы 335 млн теңгеге 110 IT-сынып және робототехника кабинеттері (74 IT-сынып және 36 робототехника кабинеті) ашылды. Екі колледж, яғни Қостанай жоғары политехникалық және Қостанай индустриялық-педагогикалық колледжінде инновациялық жабдығы бар заманауи IT-орталықтар жұмыс істейді. Бұл жұмыстар заман талабына лайық қадам жасауды көздейтіні хақ.
Жамал ШАУКЕН
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.