«Жас келсе іске» демекші, Бүйректал жалпы білім беретін мектебінде жас мамандар мен мектебімізде тәжірибеден өтуге келген жоғарғы оқу орнының студенттері арасында мақала тақырыбымен аттас сайыс ұйымдастырылды.

Мамандық дегеніміз – адамның белгілі бір қызмет атқаруына мүмкіндік беретін материалдық не рухани өндірісте алған білімі мен өмірлік дағдысының жиынтығы. Соның ішінде педогог мамандығы талап пен тәртіпті, дағды мен дарындылықты қалыптастырушы үлкен ұлы аймақ. Сайыстың мақсаты – жас мамандар мен болашақ мамандарды жұптастыра отырып, олардың шығармашылыққа талпыныстарын арттыру. Сондай-ақ мамандардың ізденушілік қабілеттерін тану, қызығушылықтары мен идеяларын қолдау.
Бағдарлама бойынша сайыс 3 кезеңнен тұрды. Алғашқы «Таныстыру» кезеңінде қатысушылар слайд, бейнеролик түрінде өз мамандығын, қызметін атап өтті. Екінші өнер сайысында қабілетіне қарай спорт, қолөнер, ән-би және басқа да бағытта көрсету мүмкіндігін алды. Ал «Шеберлік сыныбы» деп аталатын шығармашылыққа негізделген соңғы кезеңде қатысушылар педагогикалық нысанды негізге ала отырып, таныстырылым, практикалық жұмыстарын көрсетті.
Сайысқа қатысушы жұптар қабілеттерінің жан-жақты шығармашылығымен көрсетсе, кейбір қатысушылар оқушымен жұмыс істеу шеберлігімен, топпен және жекелей жұмыс істеудегі көрнекіліктерді пайдалану әдістемесімен бөлісті. Сайысқа төрелік еткен әділ қазылар алқасының шешімі бойынша I орынды Дәурен Жақсылық пен Әсел Халел, II орынды Алтынбек Қуанышбай мен Зибагүл Ерке, III орынды Нұргүл Өтелбай мен Ерхан Жақсылық иеленді. Сайыстың ұйымдастырушысы ретінде жас мамандарымызға алдағы уақытта да шығармашылық табыс пен ізденімпаздық, биік белестерді бағындыруын тілейміз.
Қолғанат АТАЕВА,
Бүйректал ЖББОМ
педогог-психологы,
Амангелді ауданы
Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.