Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл. Мерейтойға орай ақынның бай мұрасын елімізде кеңінен насихаттау мақсатында облыстық, аудандық білім бөлімдерінің ұйымдастыруымен арнайы онкүндік шараларын өткізу қолға алынды.
Қобыз үйірмесінің оқушылары Абай әуенін әуелетуде
Амангелді ауданында онкүндіктің ашылу салтанаты аудандық білім бөлімімен бірлестікте «Шұғыла» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен «Абай мұрасы – ғасырлар даналығы» тақырыбында өтті. Жиында Амангелді ауданы білім бөлімінің басшысы Мұрат Дихамбаев құттықтау сөз сөйлеп, Абай мұраларының нәрін өскелең ұрпақтың санасына сіңіру, өмірлік азығына айналдыру маңызды міндеттердің бірі екендігіне тоқталды.
– Кемеңгер Абай қазақтың дамылсыз оқып-үйренгенін бар жан-тәнімен қалады. Ақын «Ғылым таппай мақтанба» деп, білімді игермейінше, биіктердің бағына қоймайтынын баса айтты. Ағартушы ақынның сол замандағы тұжырымдары қазір де аса өзекті. Себебі ХХІ ғасырдағы ғылымның мақсаты – биікке ұмтылу, алысқа құлаш сермеу екенін көріп отырмыз. Ал, біздің міндетіміз – осы ілгері көштен қалмай, алдыңғы қатардан орын алу. Кемеңгер Абай білімі терең болғандықтан, оның шығармаларында дүние, өмір, тіршіліктің мағынасы, қоғам мен заман, болашақ туралы толғаған ойлары да аса терең. Ендеше осы тереңдікті жастарымызға ұғындыру біздерден талай дүниені талап етеді, – деді Мұрат Сембайұлы.
Салтанатты шарада «Шұғыла» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының «Мереке» бишілер үйірмесінің оқушылары би билеп, «Жас толқын» вокал үйірмесінің оқушысы Нұрай Есенаман Абай атамыздың «Желсіз түнде жарық ай» әнін шырқаса, домбыра үйірмесінің оқушылары Серікболсын Балахмет «Сегіз аяқ», ал Жанболат Шрайденов «Айттым сәлем, Қаламқас» әндерін тамылжыта орындады. Одан бөлек қобыз үйірмесінің қатысушылары Абайдың әнін қобыздың үніне салып, жиналған қауымның құлақ құрышын қандырды.
Онкүндікке орай арнайы әзірленген қолөнер туындылары да көрініс тапқанын айта кеткен жөн. Оның ішінде сурет салудың сан түрлі әдістері қолданылған картиналар да қойылды. Атап өтер болсақ «Қыл қалам» сурет үйірмесінің жетекшісі Айдар Тұрысбектің арнайы дайындалған көрмесі және аудан мектептерінің оқушылары әзірлеген көрмелер де таныстырылды.
Абайдың туған жері, өзінің портреті, тіпті мүсінделіп жасалған бейнесі де көрерменге ұсынылды. Ал дана ақынның өмір жолы мен шығармашылығымен таныстыру мақсатында кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлы жайлы кітаптар топтамасы тізбектеліп қойылды.
Салтанатты шара барысында әдістемелік кабинет меңгерушісі Гүлшат Сұлтан онкүндік жоспарымен таныстырып, аудандық деңгейде ұйымдастырылатын іс-шаралар барысын таныстырып өтті.
– Онкүндік аясында бейнетаныстырылым, шығармашылық жұмыстары, өзге де іс-шараларды өткізу қолға алынған. Адам болам десең, байлықпен озбай ақыл, әділеттілік, ғылым, ар, жақсы мінезбен оз дейді. Қазақ қоғамында жан-жақты жетілген адамды арман ете отырып, оның мінезді болуына, мінездің әлеуметтік өмірдегі қызметіне айрықша мән береді. Туған халқын барынша сүйгендіктен, оның әлеуметтік өміріндегі кемшілігін мінеп, соны жоюға күш салды. Өз мінін көре алмаған халықтың дамуға ұмтылмайтынын түсінді, – деді Гүлшат Сұлтан.
Өлмейтұғын артына сөз қалдырып кеткен ақын мұрасы – парасатты патриотизмнің мектебі, елдікті қадірлеудің негізі. Тау алыстаған сайын биіктей беретіні секілді, өмірден озғанына ғасырдан астам уақыт өтсе де, ақынның тау тұлғасы биіктеп, шығармалары ұрпақ тәрбиесіне өзіндік үлес қосуда. «Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы – заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнге қосылып, жаңғырып, жаңа өріс алып тұр», – деп Мұхтар Әуезов айтқандай, Абайдың поэзияда, музыкада, қоғамдық-азаттық ой-пікір саласында өшпес мұра қалдырып кеткені мәлім.
Әр ұрпақ Абайды өзінше танып, өзінше оқып, өзінше танытады. Дәл қазіргі уақытта рухы мықты ұрпақ тәрбиесі үшін Абай құдіреті қажет болып отыр. Әр адам баласы Абай әлеміне үңіліп, Абайға бет бұрғаны дұрыс. Әрбір азамат Абай қара сөздерін өзінің дұрыс жолға салар бағдаршамындай көруі керек. Себебі Абайдың айтқан әрбір сөзі саналы адамның көкірегіне ой салып, адамшылық жолға тәрбиелейтін өсиеттен тұрады.
Онкүндік аясында жастар арасында Абай шығармаларын насихаттап қоймай, онымен жан-жақты таныстыру, жақыннан тану көзделіп отыр. Бұндай шаралар бір мезгілде бірнеше өңірде ұйымдастырылуда. Нәтижесі көңіл қуантарлық болады деп күтілуде. Дана ақынның қай еңбегін оқымайық, ол ақыл-нақылға, тағылымға толы. Әсіресе, қазір күн тәртібінде жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыру мәселесі тұрғанда оны жүзеге асырудың бір жолы ретінде Абай мұрасына бет бұрыс жасау ең оңды қадам деп білеміз.
Әнет ЖҰМАБЕК,
«Шұғыла» балалар мен
жасөспірімдер шығармашылық
орталығының көркемдік жетекші,
Амангелді ауданы
Я спросил у посла Японии, каким образом его страна сумела так быстро достичь высокой степени развития, стала играть в мире столь важную роль? Мне очень понравился ответ посла: «Японцы верили, что единственный способ поднять страну – это дать своим детям лучшее образование, чем они имели сами, самым важным для них было уйти от своего положения крестьян и получить образование. Поэтому в семьях огромные усилия прикладывались к тому, чтобы поощрять детей хорошо учиться в школе, чтобы они могли чего-то достичь. Из-за этого стремления постоянно чему-то учиться, через систему образования распространялись новые идеи из внешнего мира. Это одна из причин быстрого развития Японии».
Всевозможные разновидности книги как объекта не изменили ни её назначения, ни её синтаксиса за более чем пять веков.
Книга – как ложка, молоток, колесо или ножницы. После того, как они были изобретены, ничего лучшего уже не придумаешь. Вы не сделаете ложку лучше, чем она есть…
В XVI веке венецианскому печатнику Альду Мануцию пришла в голову великая идея сделать книгу карманного формата, которую гораздо легче возить с собой. Насколько я знаю, более эффективного способа перемещения информации так и не было изобретено. Даже компьютер со всеми его гигабайтами должен быть включен в сеть. С книгой таких проблем нет. Повторяю: книга – как колесо.