Ыбырай Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернатта Тәуелсіздіктің 30 жылдығы, ағартушы Ы.Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына орай зиялы қауым өкілдері дөңгелек үстелде бас қосты.

Жаңа дәуірдегі қазақ әдебиетінің дамуына елеулі үлес қосқан ағартушы ғалым, білім мен тәрбиеге ерекше мән берген Ыбырай Алтынсарин қазақ жастарын оқуға, өнерге, ел болашағын шыңдауға шақырды.

Бұл туралы, жалпы Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметі, бүгінгі білім саласындағы мәселелер хақында «Ұлы педагог Ы.Алтырсаниннің мұрасы және оның қазақстандық білімнің қалыптасуындағы рөлі» тақырыбындағы дөңгелек үстелде бас қосқан зиялы қауым өкілдері сөз қозғады.

Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернатта өткен жиынға Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Ғани Бейсембаев, облыс әкімінің орынбасары Бақыт Есімова, мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов, білім басқармасының басшысы Зәуре Байменова, ҰБА мүшелері Ғарифолла Есім, Серік Негимов, Жауымбай Қараев, жергілікті зиялы қауым өкілдерінен ақын Ақылбек Шаяхмет, Серікбай Оспанов және Қалқаман Жақып, одан бөлек Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегерлері мен өңірдің құрметті педагогтері қатысты.

Алғашқы болып сөз алған Ғани Бейсембаев дөңгелек үстел басында еліміздің білім және ғылым саласының дамуына үлесін қосып жүрген жандарды ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың, Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринованың атынан Алғыс хаттармен марапаттап өтті.

Қазақстанның алғашқы ғылыми-зерттеу институты ретінде құрылған Ұлттық білім академиясының атауы 1966 жылы өзгертіліп, ҰАҚ Ыбырай Алтынсариннің есімі берілген. Қостанай жерінің тумасының мерейтойы қарсаңында көрнекті қазақстандық ғалымдар, зиялы қауым өкілдері, Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының еңбек сіңірген қоғам қайраткерлері мерекелік іс-шаралар жоспарының шеңберінде ағартушының туған жеріне тағзым ету мақсатында келгенін айта кеткен ләзім.

Ыбырай Алтынсарин мектебіндегі тағылымды басқосу аяқталған соң, күн тәртібінде олар Қостанай облысының білім басқармасы және мәдениет басқармасымен бірлесіп, былтыр педагог Ыбырай Алтынсаринге арнап қала төрінде орнатылған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, оның есімімен аталатын мұражайымен танысып, Ы.Алтынсариннің кесенесіне барып қайтты.

Даланың жарық жұлдызы аталып, қазақ ағартушылық тарихында және ұлттық мектептің қалыптасуында терең із қалдырған Ыбырай Алтынсариннің мұрасын жас ұрпаққа насихаттау – біздің басты парыз.


Жамал ШАУКЕН
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.