Зымыранмен көкке көтерілген арман

Выпуск - №16(712)   :   24.04.2026
734

Жуырда Астана қаласында 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған «Ғылым әлемін ашамыз» атты ғарыштық зерттеулер бойынша халықаралық байқау өтті. Кіл мықтылар тоғысқан додада 200-ге жуық қатысушының арасынан топ жару – үлкен еңбектің жемісі.

Зымыранмен көкке көтерілген арман (1)

Үш бағыт бойынша өткен байқау қорытындысына сәйкес, жеңімпаздар мен жүлдегерлер ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың қолынан I, II және III дәрежелі дипломдармен, сондай-ақ алтын, күміс, қола медальдармен марапатталды. Атап айтсақ, 22 оқушы – І орын, 35 оқушы – ІІ орын, ал 58 оқушы ІІІ орын иегері атанды. Айтулы додада «Rocket Science – Model Rocket section» бағыты бойынша өңіріміздің атынан бақ сынаған Қостанай қаласындағы №15 жалпы білім беретін мектептің 9-сынып оқушылары Арсен Ермекұлы мен Давид Есмағамбетов алтын тұғырдан көрініп, жеңімпаз атанды. Оның арқауында оқушылардың табандылығы мен үздіксіз ізденісі, көркем еңбек пәнінің мұғалімі Ермек Мурзалиннің кәсіби қолдауы, сонымен қатар жиырма екі жылдық еңбек өтілі бар физика пәнінің ұстазы, педагог-шебер Салтанат Маженованың білікті жетекшілігі мен тынымсыз еңбегі жатыр. Физика-математика бағытын таңдаған жас ізденушілердің жобасы техникалық тұрғыдан ғана емес, экологиялық маңызымен де әділ қазылардың жоғары бағасына ие болды. Олар адам аяғы жете бермейтін аймақтарға тұқым шашуға қауқарлы зымыран үлгісін құрастырған. Жобаның қыр-сырымен бөліскен Арсен Ермекұлы былай дейді: «Зымыранымызды картон мен пеноплекстен дайындап, оның мұрын бөлігіне тұқымды орналастырдық. Таңдағанымыз – қыша тұқымы. Біздің жобамыздың мақсаты – үлкен жылдамдық пен жоғары температурада «ұшқан» және «ұшпаған» тұқымдарды жерге шашып, олардың қаншалықты айырмашылықпен өсетінін бақылау», – деп түсіндірді. Бұл – ғылым мен табиғатты ұштастырған тың бастама.

Зымыранмен көкке көтерілген арман (2)

Байқаудың ең шешуші сәті – зымыранды көкке ұшыру кезеңі болды. Тынымсыз еңбек пен қателіктермен жұмыстың нәтижесінде қостанайлық өрендердің зымыраны аспанға көтерілді. «Барлық қатысушыларға бірдей арнайы қозғалтқыш берілді. Оны зымыранға орнатып, үш рет ұшырып, жобамызды қорғап шығуымыз қажет болды. Екінші мәрте ұшырғанымызда 103 метр биіктікке көтеріліп, ішіндегі тұқымдар шашылды, ал парашют жоспарланғандай сәтті ашылды. Сол сәттегі қуанышымызды сөзбен жеткізу қиын», – дейді Давид Есмағамбетов тебіреніспен.
Жетекшілері Салтанат Маженованың шәкірт тәрбиелеудегі шеберлігі сүйсінтеді. Ықыласпен айтқан әр сөзінен жобаға бар білімін, тәжірибесін және жүрек жылуын арнағаны байқалады. «Жеңіспен оралған сәтте оқушылар мен әріптестер бізді зор құрметпен қарсы алды. Сондайда қолдаудың қаншалықты маңызды екенін түсінесің. Енді осы Арсен мен Давидтің жетістігіне қарап, 7–8-сыныптың оқушылары да сұрап, физикаға қызығушылық танытып жатыр. Бұл ұстаз ретінде мені қуантпай қоймайды», – дейді Салтанат Толендиновна мақтанышпен.

Жамал ШАУКЕН,
Суретті түсірген автор

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.