«Строительный» кітапхана-филиалында «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында «Оқитын өлке» әдеби сөресі ұйымдастырылып, «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына 30 кітап» рухани-мәдени акциясы ұсынылды.

Аталмыш сөреге қою үшін қазақстандық белгілі авторлардың поэзия, проза, драматургия, балалар әдебиеті және аударма саласындағы үздік 30 шығармасы таңдалды. Бұл әдеби сөреде қазақстандық ақындар мен жазушылардың шығармалары ұсынылды. Атап өтсек, танымал қазақ ақыны Ұлықбек Есдәулеттің «Киіз кітап» атты жаңа кітабына 1988-2000 жылдары жазылған ел мен жер, уақыт пен қоғам, табиғат пен махаббат туралы лирикалық, әлеуметтік-философиялық өлеңдері енді. Онда ол поэтикалық өнердің барлық қыр-сырын ашты.
Толымбек Әбдірайымның «Алабұға ауланған күн» кітабы балалар үшін қызықты. Балалар әңгімелер мен ертегілер беттеріне саяхат жасай отырып, мейірімділікке, достардың өзара көмегіне, жануарларға деген сүйіспеншілікке үйренеді. Бұл шығармалар жас ұрпақтың жан дүниесіне оң әсер етеді. Сонымен қатар Ы.Алтынсариннің «Өнер-білім бар жұрттар» өлеңін оқуға кеңес береміз, ол оқылатын отыз шығармаға кездейсоқ енбеген, автор болашаққа көз салып, қазір өмір сүріп жатқан әлемді болжаған.
Акция аясында оқылатын кітаптар үлкендерге деген құрмет, ата-бабаларымыздың салт-дәстүрлеріне деген құрмет, адамгершілік пен жанның тазалығын тәрбиелеуге ықпал ете отырып, құнды дәстүрлердің мәнін жаңғырта отырып, оқырмандардың жүрегінен өз орнын табады деп үміттенеміз. Сондай-ақ сөреде сіз акцияға арналған буклет пен жадынамаларды таба аласыз. Сіздерді көрмеге қойылған әдебиеттерді оқуға шақырамыз.
Эльмира МИРЗАЛИЕВА,
«Строительный»
кітапхана-филиалы
қызметкері,
Қостанай қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.