«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе», – деп ақын С.Торайғыров жырлағандай, жастарға ойшылдың қара сөздеріндегі өнегелі қасиеттерді таныту мақсатында «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығында танымдық байқау өткізілді.
«Абайдың қара сөздері – тәрбиенің қайнар көзі» тақырыбындағы қалалық байқауға ауыл және қала мектептерінің 8–9-сыныптарынан барлығы 17 оқушы қатысты. Тағылымды іс-шара Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» өлеңімен ашылып, Қырмызы Дүйсенбаева мен ұлы Асылұлан Серғали айтқан ән көпшіліктің жүрегіне жетті.
Байқау екі кезең бойынша өтті. Бірінші кезеңде қатысушылар Абайдың қара сөздерін мәнерлеп оқып қана қоймай, өз тебіреністері мен ішкі сезімдерін шебер ұштастыра білсе, екінші кезеңде ұяшықтан кез келген қара сөзді таңдап, оның мазмұнына талдау жасап, ойшылдың «толық адам» ілімі мен адам болу туралы өсиеттерінің өзектілігін атап өтті. Әсіресе еңбекқорлық, талап, рухани жетілу және білімге ұмтылу жөніндегі қара сөздер кеңінен талқыланды.
Әділ қазылар алқасының құрамында Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық университетінің педагогика және филология факультетінің аға оқытушысы, магистр Ардақ Абдуллина, қалалық білім бөлімінің әдіскері Назерке Мухамедқалиева және қалалық тілдерді оқыту орталығының директоры Алмагүл Жумабаева болды. Олар байқау барысын жіті бағалай келе, шығармашылығы мен талантымен танылған жеңімпаздарды таңдады.
Сайыс қорытындысы бойынша бас жүлдені А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы Айару Сәрсенбай, 1-орынды №7 ЖББМ 8-сынып оқушысы Әдемі Орақбай, 2-орынды №8 НОМ 8-сынып оқушысы Арайлым Мұсабаева, сондай-ақ Фурманов ЖББМ 9-сынып оқушысы Жеңісгүл Жауынбай иеленді. Жүлделі 3-орынды Мокаренко ЖББМ 8-сынып оқушысы Зере Қуатбек, Аңғар НОМ 8-сынып оқушысы Жанұя Қарақұл, Майкөтов НОМ 9-сынып оқушысы Айман Мамытқазы теңдей бөлісті.
Сондай-ақ «Қара сөзді мәнерлеп оқу шебері» номинациясын М.Әуезов атындағы №5 ЖББМ 8-сынып оқушысы Әнел Рауанқызы, Ы.Алтынсарин атындағы гимназияның 8-сынып оқушысы Әлисұлтан Карбозов, №10 ЖББМ 8-сынып оқушысы Ақмаржан Ғазез, Сарыөзен НОМ 8-сынып оқушысы Нұрислам Болат қанжығасына байлады. Барлық қатысушыларға белсенді қатысқаны үшін мадақтама беріліп, жеңімпаздарды дайындаған жетекшілер Алғыс хатпен марапатталды. Ал көркемсөз оқу байқауының жүлдегерлеріне ақшалай сыйлықтар табысталды.
Айкерім ЫБЫРАЕВА,
«Жас Ұлан» балалар мен
жасөспірімдер орталығының
қалалық штаб төрайымы,
Арқалық қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.