Жаз айларын оқушылар ерекше ықыласпен күтеді. 9 ай сабақтан толықтай демалып, арқаларын кеңге жайып, асыр салып ойнап, өздерін физиологиялық, дүниетанымдық тұрғыда дамытатын уақытқа ие болады.

Мектебімізде жылдағыдай жаз мезгілінде «Гүлзар-Бағбан» мектепалды көгалдандыру үйірмесі өз жұмысын жалғастырып келеді. Негізгі мақсаты – жаз кезінде мектеп оқушыларының пайдалы іспен айналысуын қамтамасыз ету, олардың денсаулығын нығайту мақсатында жазғы демалыстарында саламатты өмір салтына баулу. Яғни, мектеп жанында эстетикалық және экологиялық тартымды кеңістік құру, еңбекқорлықты, өз мектебіне деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу, табиғатқа ұқыпты қарау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, саламатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру және практикалық-бағдарлы оқыту қағидатын жүзеге асыру үшін жасыл желектер мен гүлдер есебінен мектепке іргелес аумақтағы экологиялық жағдайды жақсарту көзделеді.
Жылда оқушылар бұл көгалдандыру үйірмесін мектеп жанында өткізетін. Биылғы елімізде ғана емес, әлемде орын алып жатқан пандемияға байланысты қашықтан өткізілді. Біздің 6 «Ә» сыныбы қашықтан көгалдандыру үйірмесін шілденің 20-сы мен 25-і аралығында белгіленген жоспарға сай өткізді. Қашықтан ұйымдастырылған үйірме уақытында оқушылармыз өз ауласындағы гүлдерді, бау-бақшаны қалай баптап жатқандықтары туралы бір-бірімен ой бөлісті. WhatsApp әлеуметтік желісі арқылы суреттер алмасып, тәжірибе бөлісті. Төтенше жағдай кезінде жазғы демалысты қалай өткізіп жатқандықтары туралы да ой бөлісіп, пікір алмасып отырады.
Қашықтан жүргізілген «Гүлзар-Бағбан» мектепалды көгалдандыру жұмысын өткізу барысында оқушылар бір-бірімен қашықтан емес, кездесіп, жақыннан араласып, шынайы сөйлесуді қалайтындықтарын байқадым. Олардың әңгімелеріне қарап, мектепті, бір-бірін сағынғандығын аңғаруға болады. Әрине бұл қиын кезеңдер артта қалып, алдағы күндері бұрынғыдай жұмыс істейтін уақыт та келетінін ұмытпайық дегем келеді.

Жалпы мектеп ауласын, үй ауласын абаттандыру, қоқыстардан тазалау жұмыстары балалардың санасында табиғатты аялауға, қамқорлық жасауға баулиды. Үйіңнің ауласын жинастыру, гүлдер мен ағаштарға су құю, сынып қалған бұтақтарды жинау, ауланы сыпыру және басқа да ұсақ-түйек жұмыстар бала бойында мейірімділік пен қайырымдылық, тірі табиғатқа деген қамқорлық сезімдерін қалыптастырады.

Мектепалды көгалдандыру жұмысын өткізу барысында ата-аналар тарапынан қолдаудың да өте жақсы болғанын айта кеткен ләзім. Ата-аналар да балаларымен бірге үй ауласында түрлі шаруашылық жұмыстарды атқарып, белсенділік танытқанын ерекше атап өткім келеді. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» деген сөздің мағынасын осы тұста дәл тауып айтылғанын ұғынасың. Үлкендер үлгі көрсетіп, істің басын алып жүрсе балалары да олардан үлгі алып, еңбекқорлыққа жақын болып өседі. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, ұстаздар да, отбасы да баланың тәрбиесіне белсенді түрде бірлесе қызмет етсе, ел ертеңі болар білімді де алғыр, еңбекке жаны құмар жас ұрпақ өсетініне сенім мол.
Қаламқас ДУЛЫБАЕВА,
Мемлекеттік тілде оқытатын
Заречный ОМ математика
пәнінің мұғалімі,
Қостанай ауданы
Я с детства полюбила читать газеты, потому что они всегда были в нашей семье. И до сих пор, несмотря на обилие новых носителей информации, я больше всего люблю газету, особенно нашу, учительскую, за продуманный, взвешенный подход, за подробность и объективность, за особую атмосферу, которая возникает от неспешного листания страниц. И ещё нравится, что «Учительская плюс» входит в список изданий, рекомендованных министерством просвещения для размещения материалов аттестуемых педагогов. Это очень мотивирует!
«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.
Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!