Алтын күздің ханшайымы

Выпуск - №44 (541)   :   12.11.2022
817

Оқушылардың күзгі демалысын тиімді пайдалану мақсатында Амангелді ауданындағы «Шұғыла» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының «Шебер қолдар» үйірмесі жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Күз ханшайымы» байқауы өтті.

Еліміздің түкпір-түкпірінде «Алтын күз» тақырыбында мерекелік шаралар ұйымдастырылуда. Баршамызға белгілі, күз маусымында Жер ананың адам баласына ұсынар мол ырыс-несібесі диқандардың таңның атысы, күннің батысы тынбай еңбек етуінің арқасында қамбаға құйылады. Сондықтан да астық пісіп, оны шашпай-төкпей жинап алу ісі дәл осы күз айларында жүзеге асырылатындықтан, осы маусымға халқымыз «Алтын күз» деп айдар таққан. Мінеки табиғаттың ерекше құбылып, айналамыз cары түске боялатын, қамбамыз астыққа толатын, бәріміз асыға күтетін, сағындырған сырмен көңілге қуаныш, асқарлы үміт сыйлайтын, баршамызға шашылған сары нұрымен шуақ болып тарайтын берекелі мезгіл – күз айы да аяқталып қалды.

Күз айы мерекелі ай. Қырман толып, халқымыздың ырысы артатын берекелі ай. Келесі күзге дейін жүрегімізде есте қалатындай арман сезімін себелейтін, үнемі асқақ мұраттарға жетелеп отыратын қасиетті ай. Осы мезгілді ерекше көңіл-күйде қорытындылап, әр баланың бойындағы өнерін көрермендерге паш ету, қазақ халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын сақтауға үйрету мақсатында «Күз ханшайымы» байқауы ұйымдастырылды. Бұл шара сондай-ақ халқымыздың ұлттық өнерін, салт-дәстүрін дәріптеу, оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамытуды көздеді.

Сайыста «Шұғыла» шығармашылық орталығының әдіскері Жансая Естекова, «Дарын» драма үйірмесінің жетекшісі ретінде мен, «Ісмер қолдар» үйірмесінің жетекшісі Жанар Абдуахитова үшеуміз қазылық еттік. Шығармашылық салтанат құрған байқау төрт кезең бойынша өтті. Олар: таныстыру, өз өнерін көрсету, үй тапсырмасы «Күзгі дастархан», сән үлгісі. Қызықты әрі тартысты өткен сайыс нәтжесінде бас жүлдені Іңкәр Ерлан, 1-орынды Тоғжан Қуанышбекова, 2-орынды Ақмекен Бубархан мен Жұлдызай Ержан, ал 3-орынды Маржан Бақыт иеленді. Жүлделі орын алған оқушыларға ақшалай сыйлықтар мен Алғыс хаттар, естелік сыйлықтар табысталды.

Әнет ЖҰМАБЕК,
«Шұғыла» шығармашылық
орталығындағы драма
үйірмесінің жетекшісі,
Амангелді ауданы

Реклама

Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.