Әр қимылда – өнер, әр жүректе – арман

Выпуск - №22(718)   :   05.06.2026
861

1

Жастардың рухани және мәдени дамуына әрдайым ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Осынау мақсатта хореографиялық үйірмелер – оқушылардың шығармашылық қабілетін шыңдап қана қоймай, олардың ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыратын маңызды орта.

Төл өнеріміздің ішінде ұлттық билер – халқымыздың тарихы мен тұрмыс-тіршілігінің, салт-дәстүрі мен дүниетанымының айқын айнасы іспетті. Қазақ халқының «Қара жорға», «Қамажай», «Келіншек», «Бүркіт биі» сияқты классикалық туындылары ұлттық мінезді, батырлықпен қатар нәзіктікті, сұлулықты бейнелейді. Әрбір қимыл мен ишараның өзіндік терең мәні бар. Би ырғағы арқылы халықтың еркін рухы, кең даланың тынысы көрініс табады.

2


Хореография үйірмесі оқушыларға ұлттық өнерді тереңірек танып-білуге жол ашады. Ұлттық би қимылдарын үйрену барысында балалар техникалық дағдыларды ғана меңгермейді, сондай-ақ халқының мәдени мұрасын қадірлеуге тәрбиеленеді. Бұл – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастырудың ең тиімді жолдарының бірі. Сондықтан да біздің ордамыздағы «Арман» би үйірмесінде ұлттық өнерімізге ерекше мән беріледі.
Ұлттық нақыштан бөлек заманауи би бағыттары да назардан тыс қалған емес. Үйірме мүшелері әртүрлі деңгейдегі мерекелік іс-шараларда өнер көрсетіп, биік белестерді бағындыруда. Соның бір айғағы ретінде, облыстық «Армандастар» би сайысының аудандық кезеңінде Жанерке Сарсенбай, Еркежан Ерден, Айару Володияқызы, Нұрсұлу Бахатқызы, Мерейлім Тілеубекқызы, Томирис Жоламан, Таисия Бычихина, Маргарита Бабинская жоғары деңгейде өнер көрсетіп, ІІ орынға ие болды. Кішкентай бүлдіршіндеріміз де аудандық байқаулар мен мектепшілік іс-шараларға белсене қатысып, көрермен көзайымына айналып үлгерді.
Би өнерінің бала дамуындағы маңызы зор. Біріншіден, би – тән саулығының кепілі. Үнемі қозғалыста болу арқылы балалардың дене бітімі түзеліп, икемділігі мен қозғалыс үйлесімділігі қалыптасады. Екіншіден, бұл өнер баланы тәртіп пен жауапкершілікке баулиды. Себебі сахнаға шығу үшін тұрақты дайындық, уақытты тиімді пайдалану және ұжыммен бірлесіп жұмыс істеу қажет. Мұның бәрі оқушылардың өмірлік маңызды қасиеттерін шыңдай түседі.

Данагуль ЖАРЫСОВА,
Балалар шығармашылығы
үйінің қосымша білім беру педагогі,
Федоров ауданы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.