Асығы алшысынан түскен

Выпуск - №43 (490)   :   05.11.2021
507

Қай кезде болмасын халқымыз ұлттық спорт ойындарына ерекше мән берген. Әсіресе асық ату ойыны бүгінде Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында құлашын кеңге жайып, дамығаны көңілге қуаныш ұялатады. 

Бұл ойын түрімен қазақылықтың қаймағы бұзылмаған оңтүстік жұрты ғана емес,сіз бен біз тұрып жатқан өңірде де сұраныс бар. Бүгінде Рудный қаласындағы №15 орта мектебінің қабырғасында асық ату ойынына ерекше ден қойып, үлкен мақсаттармен тынымсыз ізденіс нәтижесінде кілең мықты чемпиондар тәрбиеленіп келеді. Асық атудан түрлі деңгейдегі спорттық чемпионаттарда бақ сынап, қарсыластарынан ерекшеленетін кілең үздіктер баптаған шағын ғана «Бес асық» үйірмесі 2014 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Жыл сайын ұлттық спорт ойынына қызығушылық танытқан оқушылардың саны арта түспесе, кеміген емес.

Олардың барлығы да Қостанай облысының намысын республикалық тартысты додаларда қолдан бермей, жеңіс тұғырынан көрініп келеді. Үйірме жетекшісі Ғалинұр Бекетов – дене шынықтыру пәнінің мұғалімі. Шебер ұстаз үйренуге талпынған әр шәкірттің қабілетін ұштап, асық ойынының қыр-сырына қанықтырып, ұлттық құндылығымыздың қадір-қасиетін толық түсінуге баулып келеді. Аталмыш үйірмеден түлеп ұшқан талантты түлектердің бірі Гаухар Жалиева (суретте) Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінің «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығының үшінші курсында оқиды. Болашақта тәрбиеші, ал бүгінде студент Гаухар бұл спорт түрінен қол үзген емес. Ұзақ жылдар бойы асық ойнаған спортшы қыздың жеткен жетістіктері баршылық. Ол алдына жан салмай жеңімпаз болып, тіпті төрт дүркін чемпион атанғанын да айтпай кетуге болмас. Ал биыл «Бес асықтан» әйелдер арасындағы ҚР Чемпионатында жүлделі 1-орынды иеленді.

Спорттың арқасында еліміздің көптеген қалаларымен қатар шет елдерге де табан тіреп, шеберлігін үздіксіз шыңдап келеді. «Әр жарыс өзінше ерекше тәжірибе алмасу алаңы» екенін тілге тиек еткен Гаухар болашақта осы спорт түрін өзгелерге үйретіп, шәкірт тәрбиелеу де жоспарында бар екенін жасырмады. Жас болса да бас болған асық атудан спорт шебері Гаухардың ұлттық ойынымызды ұлықтап жүргені үлкен мақтаныш. Таяуда үйірме мүшелері кезекті ауқымды спорттық шараға қатысып, бақтарын сынамақ. Ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып жеткен асық ату ойынын кеңінен насихаттап қана қоймай, туымызды тек биіктерде желбіреткен осындай өршіл жастарымыз барда ұлттық спорттың бұл түрі құндылығын жоймақ емес.


Жанна ТУЛЕШОВА,
Ы.Алтынсарин атындағы
Рудный әлеуметтік-гуманитарлық
колледжінің МДТ-03 тобының
студенті, «Жас қаламгер»
үйірмесінің мүшесі

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.