Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұйымдастыруымен мерекелік бағдарлама өткізілді. Іс-шараға Арқалық қаласының балақайлары мен арнайы шақырылған мүмкіндігі шектеулі балалар қатысты.
Мерекелік бағдарлама аясында 12 алаң құрылды. Оның ішінде: асфальтта сурет салу, топтық және мергендікке арналған ойындар, сабынды көпіршіктермен сурет салу, туристік бағдарлау мен жартасқа өрмелеу спорттық жарыстары, «TikTok» әлемі, жанды дауыстағы әндер байқауы мен керамикалық кәдесыйлар жасау алаңы, онымен қоса мүмкіндігі шектеулі оқушыларға арналған шатырлы алаңдар да болды.
Шараның ашылу салтанаты орталық тәрбиеленушісі Қуаныш Нұрдостың көңілді әнімен және қыздарымыздың акробатикалық биімен басталып, орталықтың директоры Ербол Кабылдиннің құттықтау сөзімен жалғасты. Кейін директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Игорь Роговой мерекелік бағдарлама аясында ұйымдастырылған алаңдардың жұмысымен таныстырып өтті. Жоғарыда аталып өткендей, балалар 12 алаң бойынша қызықты әрі көңілді ойындар мен байқауларға (жарыстарға) қатысып, тәтті сыйлықтар мен мадақтамаларға ие болды.
Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған шатырлы ойын алаңында ұсақ моториканы дамытатын және қозғалмалы ойындар ойнатылды. Ал, керамикалық кәдесыйларға арналған алаңда балалар қолөнермен айналысып, үздік жұмыстары үшін мадақтамаларға ие болды. Сондай-ақ, балалар жақсы көретін жылдамдық пен дәлдікке арналған топтық ойындармен қатар жартасқа өрмелеу жарысы көп балалардың назарын өзіне аудартты. Шығармашыл балалардың бір бөлігі асфальтта сурет салса, қалғаны сабынды көпіршіктермен түрлі суреттер салып, көңілді уақыт өткізгендерін айта кеткеніміз жөн.
Осылайша мерекелік бағдарламаға қатысқан барлық белсенді оқушылар іс-шара соңында марапатталып, жанды дауыста кішкентай балалар ән салып, мерекені сәтті нотада аяқтады.
Гауһар ҚАЙСЕРОВА,
«Жас Ұлан» балалар
мен жасөспірімдер орталығының педагогі,
Арқалық қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.