Бала санасын бекем етер киелі орын

Выпуск - №14 (461)   :   09.04.2021
384

Жастарға білім беру мен тәрбиелеуді заман талабына сай іске асыра отырып, жүйелі ұйымдастыру әрбір педагогтің міндеті. Ал адами құндылықтар, рухани қазына және тағылымды тәрбие баланы жан-жақты дамытуға жол салары хақ. 

Арқалық қаласындағы «Балалар мен жасөспірімдерге қосымша білім беру орталығы» жас ұрпаққа көптеген жылдар бойы мектептен тыс, бос уақытта білім беру жолында еңбек етіп келеді. Аталмыш орталық педагогтері әрбір оқушының интеллектуалды дамуына, оның қызығушылығы мен шығармашылығын, дарындылығын көрсетуге, кәсіби бағдар алуына және бос уақыттарында өнер құдіретінің барлық салаларын үйренуге көп көңіл бөледі.
Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Осы мақаланы басшылыққа ала отырып, халық игілігіне жарату үшін, ең бастысы, оқушылардың бойында жақсы қасиеттерді қалыптастыру мақсатында арнайы жоспар құрылып, ұстаздар жүйелі жұмыс істеуде. Мен де өзім 4 жыл бойы білім алған Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтына үйірмемнің оқушыларына саяхат сабағын ұйымдастырып, өзім сияқты талай шәкіртті білім нәрімен сусындатқан ұстазым, суретші, мүсінші Байсеңгіров Молдакәрім Қойшанұлымен жүздестірдім.
Оқытушы сөзін бұл салаға қалай келгендігінен бастады. Талай рет сурет көрмелеріне қатысып, жүлделі орындарға көтерілген. Республикалық, облыстық, қалалық бейнелеу өнері көрмелеріне әлі де ат салысып келеді. Кездесу барысында оқушылар суретшінің өмірбаяны, шығармашылығымен жіті танысты. Молдакәрім Қойшанұлы оқушыларға өз мамандығының ерекшелігін айтып қана қоймай, сонымен қатар олардың тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, кескіндеме, сәндік-қолданбалы өнер, қолөнер негіздері, бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясы, бейнелеу өнерінің әдістемесі, ағашты көркем өңдеу, металды көркем өңдеу, материалды көркем өңдеу пәндері жайлы бірталай ақпаратпен бөлісті. Оқушылар қызықтырған сауалдарына тұшымды жауап алды.
Жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек. Осы мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Өскелең ұрпақты ұлттық тұрғыда тәрбиелеу – заманауи қоғамның ең басты міндеттерінің бірі екенін ескерсек, балалық шақ – Отанға деген асыл махаббаттың фундаменті бекем болатын кезең. Ал баланың кішкене күнінен бастап туған өлкесін, туған ауылы мен жерін, Отанын сүйіп өсуіне, адамгершілік қасиеттерге ие болуына, әрине «Алтын орда – алтын ұясы» септігін тигізеді. Демек, білім ордасын баланың өсіп, дамуына ғана емес, әрбір өскелең ұрпақтың бойына рухани байлықты сіңіретін, бекемдейтін киелі орын десек ләзім.

Бекзат ҚАБУСАҒИТ,
Қосымша білім беру
орталығының педагогі,
«Қылқалам» үйірмесінің жетекшісі,
Арқалық қаласы

 

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.