Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру – қашанда маңызды мәселенің бірі. Осы орайда Амангелді ауданындағы Б.Қолдасбаев атындағы ЖББ мектебінде мектеп жанындағы «Күншуақ» жазғы сауықтыру алаңы өз жұмысын бастады.
Балаларға жақсы көңіл-күй сыйлау, ойындар арқылы адамгершілікке, бірлікке, елжандылыққа тәрбиелеу мақсатындағы лагерьдің ашылу жиыны «Біз бақытты баламыз» тақырыбында өтті. Балалар «Туған ел», «Біз бақытты баламыз», «Ертегілер» әндерін шырқады, ал театр үйірмесінің оқушылары сайқымазақ бейнесінде балаларға күлкі сыйлап, жиын соңында тәтті балмұздақтар таратты.
Іс-шараға «Шұғыла» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығынан арнайы келген ұстаздар ертегі кейіпкерлері бейнесіндегі киімдерін киіп, оқушыларға қызықты ойындар ойнатып, би билетті. Әрине, асқан белсенділікпен қатысқан балаларға арнайы сыйлықтар да таратылды. Түрлі-түсті бояулармен суреттер салып, балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Бірінші күннен бастап-ақ, мектеп жанындағы «Күншуақ» жазғы сауықтыру алаңына қатысушы балалардың күн тәртібі өте қызықты өтті. Таңғы жаттығудан басталған іс-шаралар флешмоб биі, асфальтқа сурет салу, «Көңілді старт» спорттық ойыны, танымдық сабақтармен қатар қуыршақ театрының жұмысымен жарасымды жалғасын тауып жатты.
Әнет ЖҰМАБЕК,
Б.Қолдасбаев атындағы ЖББ мектебі,
Амангелді ауданы
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.