Учительская плюс

Областная еженедельная общественная информационно-образовательная газета
Календарь
16/03/26 Понедельник

Балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлауда

Выпуск - №№35(482)   :   10.09.2021
399

Қостанай облысының ҮЕҰ-2021 жылғы өткізген облыстық әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі аясында Арқалық қаласындағы «Мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған мерекелік іс-шаралардың аниматорлары» әлеуметтік жобасы іске асырылуда.

Қазір мерекелік іс-шаралардың бәрінде түрлі кейіпкерлерді сомдайтын аниматорлар қызмет етеді. Сайқымазақ, қарақшы, білгіштер – олардың образдары әр түрлі болуы мүмкін. Мультфильм, кино немесе ертегілер мен аңыз-әңгімелердің кейіпкерлері де кездеседі. Дегенмен әрқайсысының діттеген мақсаты бір ғана: балалардың көңіл-күйін көтеруге ат салысып, олардың мерекесін естен кетпестей етіп өткізу. Жоғарыда атап өткен жобаға музыкалық байқаулармен, ойындармен және құттықтаулармен бірге мерекелік көңіл-күй қалыптастыратын жастар шығармашылық тобы қатысады.

Көңілді клоундар, жарқыраған жүргізушілер «Мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған мерекелік іс-шаралардың аниматорлары» әлеуметтік жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі балаларды туған күндерімен құттықтады. Сонымен қатар аула-алаңдарда балаларға арналған қызықты іс-шаралар өткізуге кірісті. Оған қатысамын деген балаларға есік ашық болып, балғындар көңіл-күйлерін көтеріп қана қоймай, таныстық орнатып, аниматорлардың белсенді ұйымдастыруымен қатарластарымен көңілді уақыт өткізді. Жалпы аниматорлардың жұмысы импровизацияға толы.
Мәселен, кино актері рөлінің мәтінін алдын ала жаттап алады да, қаз-қалпында сахналап береді. Яғни, рөлінің немен басталып, немен аяқталатынын жақсы біледі. Ал аниматорлардың негізгі мақсаты – адамдарды күлдірудің, көңілін көтерудің жолын табу. Сондықтан аниматорлар қоршаған ортадағы жағдайға бейімделуге икемді болуы керек. Балаларға арналған мереке ұйымдастыру бір қарағанда жеңіл сияқты көрінуі мүмкін. Алайда, шын мәнінде, бәрі бір көрінгеннен әлдеқайда күрделі. Бала табиғаты сондай: шынайылықты сезгіш келеді. Әрбір баланың мінез-құлқы да әр түрлі. Ал олардың әрқайсысының көңілін аулап, процесске араласып кетуін қамтамасыз ету осы аниматор мамандардың қолында.


Спорт күні мерекесіне орай бір топ балалармен спорттық ойындар ойнатылды. Атап айтатын болсақ, дартс атып, жастық жекпе-жегі, «кім мерген?» ойыны және доппен көптеген ойындар қолға алынып, нағыз жүйріктер анықталды. Мереке күні шараға қатысушылардың барлығы көтеріңкі көңіл-күйге ие болды. Ал адамға күлкі сыйлау – ең игі істердің бірі болса керек. Спорттық шараларға белсенділік танытқан балаларға сыйлықтар да берілді. Иә, баланың жүзіне күлкі, санасына әдемі естеліктер сыйлау әр адамның қолынан келетін, бірақ бәрі жасай бермейтін іс. Ең бастысы, ниет пен сенім болса болғаны. Осы аталған жоба аясында алдағы уақытта да жұмыстарды жалғастырып, әлі де бірталай бүлдіршіндерге қуаныш сыйлайтын боламыз.


Гүлнұр СҮЙІНБЕКОВА,
Қосымша білім беру
орталығының
оқытушы-модераторы,
Арқалық қаласы

Реклама

Я непоколебимо верю, что наука и мир восторжествуют над невежеством и войной, что народы сойдутся друг с другом не для разрушения, а для созидания, и что будущее принадлежит тем, кто сделает более для страждущего человечества.
Величайшие открытия рождаются из простых наблюдений, если смотреть на мир с пытливостью ребёнка.
Наука должна служить людям, а не оставаться в стенах академий. Наука не имеет родины, потому что знание принадлежит всему человечеству.
На той ступени развития, которой мы достигли и которая обозначается именем «новейшей цивилизации», развитие наук, быть может, ещё более необходимо для нравственного благосостояния народа, чем для его материального процветания.

Учитель – это светоч нации. Ежедневным кропотливым трудом каждый из вас вносит неоценимый вклад в развитие страны. Вы сеете семена знаний в молодые сердца и растите мыслящую нацию. Ибрай Алтынсарин говорил: «Превыше всего я ценю хорошего учителя». Педагог – ключевая фигура в построении будущего страны, поэтому ему должно быть отведено достойное место в обществе.